Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №5
Сабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру
Оқу мақсаты: 8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер
- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.
- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.
-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.
-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды
Әр бір тапсырма алдында қауіпсіздік ережесін еске салыңыз.
Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережелері:
1. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.
2. Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш атта, бөрене керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орнында) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек.
3. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
4. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз орындауға болмайды.
5. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.
6. Сабақта, үзіліс кезінде мұғалімнің ақыл – кеңесінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
7. Гимнастика сабағында арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды
Оқушыларды екі топқа бөле отырып, мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерінің түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау. Көмек беру арқылы жаттығуды орындату
(П) «Медуза » ойынын өткізіңіз.
Бұл ойында оқушылардың дем алу жиілігін қалпына келтіру жаттығулары бекітілген.
Оқушыларға акробатикалық жаттығулардың адам ағзасына қандай әсері бар екендігін жұппен талдап бір біріне сұрақтар қоюды бақылаңыз.
Тапсырма 1
(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар шағын топтарда төмен гимнастикалық бөренеде комбинацияны орындайды.
Бөрененің басына бетпен тұрып, бөренеге аттау, ортасына дейін жүру, сол жерде негізгі қалыпты қабылдау.
Қолды жан-жаққа көтеру, сол аяқпен айқас қадам жасау (сол аяқ алда, оң аяқ – артта).
Аяқ ұшына көтерілу және оң иық арқылы 180°-қа бұрылу.
Сол аяқты артқа-жоғары жіберу, бүгілу және аздап алға еңкею, қолдар жан-жаққа («қарлығаш»).
Сол аяқты бөренеге қою, екі аяқты бүгу, тізерлеп тұру, ал қолмен бөренеге сүйену.
Дене ауырлығын оң аяққа көшіру және қолмен бөренені ұстап, сол аяқты жазу (жартылай шпагат жасау).
Қолмен бөренені ұстап, оң аяқты сол аяққа қоб, тұру және бір уақытта қолды жан-жаққа ашу.
Оң аяқпен алға бір қадам жасау және оны сол аяқтың алдына айқас қою, бұрылу, бөренеге көлденең тұру және бүгіліп секіріп түсу.
Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?