Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Сабақ жоспары № 5

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Гимнастикалық элементтер және оның түрлеріМектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- акробатикалық жаттығулар кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай алады.

- кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларының орындалу реттілігін түсінеді.

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

-кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін көрсете біледі.

 Бағалау критериі

  • кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсінеді және көрсете біледі.

 Тілдік мақсаттар

  • Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • тепе-теңдік, айналу
  • Жаттығулар кешені, басқа және қолға тұру
  • Тәуекел, қауіпсіздік
  • Гимнастикалық сайман
  • Байланыс, реттілік, топ қалыптастыру
  • Арқан, гимнастикалық кіші ағаш ат, керме, әр түрлі және бірдей биіктіктегі қос арыс, гимнастикалық бөрене;
  • Гимнастикалық төсеніштер, орындықтар
  • Қозғалыс үйлесімділігі, Дене сымбаты

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Сендер топта қалай жұмыс істедіңдер?

Сендер табысты өзара әрекеттесе алдыңдар ма?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Акробатикалық ширату сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=zWk-FIDpZ5o

Акробатикалық жаттығуларға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E

Бастапқы білім

гимнастикалық жаттығулары дағдылары мен білімдеріне ие.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Медуза » ойынын өткізеді

Оқушылар акробатикалық жаттығулардың адам ағзасына қандай әсері бар екендігін жұппен талдап бір біріне сұрақтар қояды .

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар шағын топтарда төмен гимнастикалық бөренеде комбинацияны орындайды.

Бөрененің басына бетпен тұрып, бөренеге аттау, ортасына дейін жүру, сол жерде негізгі қалыпты қабылдау.

Қолды жан-жаққа көтеру, сол аяқпен айқас қадам жасау (сол аяқ алда, оң аяқ – артта).

Аяқ ұшына көтерілу және оң иық арқылы 180°-қа бұрылу.

Сол аяқты артқа-жоғары жіберу, бүгілу және аздап алға еңкею, қолдар жан-жаққа («қарлығаш»).

Сол аяқты бөренеге қою, екі аяқты бүгу, тізерлеп тұру, ал қолмен бөренеге сүйену.

Дене ауырлығын оң аяққа көшіру және қолмен бөренені ұстап, сол аяқты жазу (жартылай шпагат жасау).

Қолмен бөренені ұстап, оң аяқты сол аяққа қоб, тұру және бір уақытта қолды жан-жаққа ашу.

Оң аяқпен алға бір қадам жасау және оны сол аяқтың алдына айқас қою, бұрылу, бөренеге көлденең тұру және бүгіліп секіріп түсу.

Дескриптор :

- бөрене үстінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- дене ауырлығын оң аяққа көшіру және қолмен бөренені ұстап, сол аяқты жаза алады.

- бөренеге көлденең тұру және бүгіліп секіріп түсе алады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Бұл жаттығулар сендерге керек бола ма? (Мысалы, керек болады, себебі біз үйде жаттығулар кешенін құра немесе таныс кешенді пайдалана аламыз).

Сендердің ойлағандарың іске асады ма?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Акробатикалық ширату сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=zWk-FIDpZ5o

Акробатикалық жаттығуларға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Сабақтың соңы

35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу