Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №6
Сабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру
Оқу мақсаты
8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну;
8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Кез келген тапсырма орындар алдында қауіпсіздік ережесін еске салыңыз.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Секіру жаттығулары бұлшық еттерді өсіріп, нығайтуға, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметін жақсартуға, әр түрлі биіктіктегі кедергілерден тез және оңай секіріп өту дағдысын меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар ептілікті, батылдықты, шапшаңдылықты дамытады, кеңістікті тез бағдарлай білуге тәрбиелейді.Әрбір секіру кезінде мына төмендегі секіру элементтері орындалады:1) аяқты жерге тіреп серпілуге дайындалу;2) серпілу;3) ұшу;4) жерге түсу.5) Секіруге дайындық жаттығуларды орындату.6) Кіші аттан (биіктігі 100 - 115 см.) аяқты жазып, қолды тіреп секіру үшін екпін алу, көпіршеге секіріп түсу, аяқпен серпілу жерге түсу қозғалыстарының реті дұрыс сақталуы керек. Осыны қайталап орындағаннан кейін ғана мына негізгі жаттығуларды орындауға кірісу қажет: кіші ағаш атқа аяқты алшақ ұстап секіріп шығу; отыру және шалқайыңқырап, жоғары әрі алға қарай секіріп түсу.3) Секіруге көмек беру мен қауіпсіздік шараларын қатты сақтау керек.
Оқушыларға гимнастикалық снарядтарда жұмыс кезіндегі қауіпсіздік және жарақаттану техникасы туралы еске салу.
(Б, Ж, Ф) Оқушылар бағанда бір-бірден гимнастикалық «есек» арқылы секіреді. Секірулерді орындайды:
аяқты алшақ қойып секіру
аяқты бүгіп секіру
Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:
- Екпіндей жүгіру;
- Көпіршені басу;
- Аяқпен серпілу;
- Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;
- Қолмен серпілу;
- Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;
- Жерге түсу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?