Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 4 сабақ.
Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру
Сабақ тақырыбы:
8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну;
- денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады және көрсете алады.
- денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының маңыздылығын түсінеді.
Бағалау критерииі
- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.
- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.
-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.
-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды.
Күтілетін нәтижелер
Акробатикалық элементтерді біріктіру.
Ұлдар:
Оң (сол) қадаммен тепе-теңдік («қарлығаш») (ұстау...) – аяқты тақап, тіреле отырып – алға аударылып түсу – басымен және қолға тіреніп тұру (ұстау...) – тіреле отырып түсу – 2 артқа аударылып түсу – алға аударылып түсіп жауырынға тұру (ұстау...) – алға домалау және бастапқы қалыпқа тұру – 180 градусқа бұрылып алға секіру.
Қыздар:
Бір қадаммен аяқты ауыстырып секіру - оң (сол) қадаммен тепе-теңдік («қарлығаш») (ұстау...) – кез келген аяқты алға қойып, 180 градусқа бұрылу. Артқа аударылып түсу – артқа домалап түсіп жауырынға тұру (ұстау...) – «көпірден» бастапқы қалыпқа тұру, аяқты жоғары жан-жаққа – 2 алға аударылып түсу – бүгіліп жоғары секіру
Тапсырма 1
Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бөрененің немесе гимнастикалық орындықтың үстінде орындалады.
-бөрененің үстінен қолды екі жаққа соза алға,артқа жүріп өту;
-сол аяқпен бір адым ілгері аттап,екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;
-оң аяқпен бір адым ілгері аттап,сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу;
-екі оқушы «қыл көпірдің» (гимнастикалық бөрененің) үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып,оңға айнала бұрылып,сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете беру;
-бөрене үстімен жүріп келе жатып,допты лақтырып қағып алу;
-бөрене үстімен тез адымдап,жүгіріп өту;
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- жаттығулар алдында денені қыздыру және қалпына келтіру жатығуларын біледі.
-қолға тіреніп баспен және қолға тіреніп жауырынға тұра алады.
- артқа аударылып түсіп – артқа домалап жауырынға тұра алады.
Дескриптор
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?