Қауіпсіздік ережесі. Орнында және қозғалыста орындау жаттығулары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 26 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №2
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Орнында және қозғалыста орындау жаттығулары
Оқу мақсаты: 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу
Оқушыларға түсіндіріңіз : «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».
Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер
- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.
- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.
-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.
-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды.
II.Қауіпсіздік ережесін еске салыңыз..
(Ж) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді
Оқушылар бір-бірін бағалайды
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады
Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік техникасына сілтеме http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188
Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.
Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Әр бір топқа жеке тапсырма ұсыныңыз. Мысалы 1 топ қолға арналған , 2 топ белге, 3 топ аяққа арналған жаттығулар тізбегін құрастырады. Құрастырған жаттығуларды реттілігімен орындауды ұсыныңыз.
Дескриптор :
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-жаттығулар құрастыра алады.
- жаттығулардың орындалу реттілігін біледі.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Сұраңыз:
- бұл тапсырмаларда сізде не сәтті болды, ал немен тағы да жұмыстану қажет?
-сіз құрастырған жаттығу адам ағзасына қандай әсері бар?
Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.
Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.
Оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізіңіз.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?