Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық №12 сабақ
Сабақтың басында оқушыларға қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
Жағымды орта құру мақсатында «Динамикалық шеңбер» ойынын орындатыңыз.
Оқушылар ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.
Оқушылардың көңіл күйлерін анықтауда сұрақ қойыңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Ойыншылар сызықтың бойына тұрады. Әрбіреуінің қолында теннис добынан. Жүргізуші волейбол добын ұстап, жоғары лақтырады. Ойын мұғалімнің белгісі бойынша басталады. Сызықтың ішінен тигізген есептелмейді.
Ойынның нұсқасы: Өткізілген ойыннан кейін ең мерген және ең жақсы лақтырушыға қайтадан өткізуге болады. Ол үшін бірінші кезеңнің жеңімпаздарын бір шеңберге жинап, ұтылғандарды басқа шеңберлерге жинап, осы тапсырманы қайтадан өткізу керек.
Сұраңыз: Лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?
Шеңбердің ішінде, доптарды алдын-ала белгілеп(бояп немесе команданың номерін жазып), бір уақытта лақтыруға болады.
Сұраңыз: Лақтыру кезінде қандай бұлшық еттер жұмыс істейді? Ұсынылған ойындағы орындалған жұмысты талдаңыз.
Сабақта қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалаңыз. Мұғалімнің ауызша белгісі бойынша ғана лақтыруды орындау және ұпайлар санын жазу қажет. Лақтыруды алдын-ала келіскен әдіспен орындауды және лақтыруды орындау техникасын қадағалаңыз.
Нұсқасы: Бірнеше шеңберлермен белгіленген (3-2-1), қалқанша-нысанаға лақтыру. Нысанаға дейінгі арақашықтық 8-10 м, биіктігі 2,5-3м.
Суретте көрсетілгендей допты дұрыс ұстауына көңіл бөліңіз.жаттығу орындар алдында қауіпсіздік ережесін түсіндіріп кетіңіз.
Дорпты ұстағанда қолды бос ұстау керек.
Граната лақтыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?