Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 10 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту

Оқу мақсаты:

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-лақтыру техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

«Атомдар мен молекулалар»

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдардеп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші «Молекулардеп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.

Сыныпты жұптарға, кіші топтарға бөлу.

Кіші допты, сол аяқ алда бастапқы қалпынан нысанаға лақтыру. 10 қайталау.

қашықтықтан, кіші допты қалқаншаға лақтыру(доптың кері қайту қашықтығына). 10-20 қайталау.

Кіші допты белгіленген аймаққа лақтыру, волейбол алаңында бормен немемсе шеңбермен бірнеше аймақтар белгілеу. Жұптарда жұмыс жасау, алаңның бір жағында бір оқушы, басқа жағында екінші оқушы. 10-20 қайталау және дәл тиген санын есептеу.

Әр адымға тоқтап, 4-5 лақтыру адымдарының қимылын жүріп орындау.

Берілген қашықтыққа, төрт лақтыру адымдарынан «қолды артқа созып, иықтан лақтыруды» орындау.

Дескриптор :

-кіші допты, сол аяқ алда бастапқы қалпынан нысанаға лақтырады

-6м қашықтықтан, кіші допты қалқаншаға лақтырады

-қолды артқа созып, иықтан лақтыруды орындайды.

 

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу