Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 11 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №11 сабақ.
Оқушыларға пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айтып дамытуды түсіндіріңіз. Сұрақ қойыңыз: Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
-лақтыру техникасын түсінеді.
-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;
Тапсырманы орындамас бұрын сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
Жағымды орта құру үшін «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуын орындатыңыз
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».
Оқушылардан сұраңыз - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? Ойыншылар сызықтың бойына тұрады. Әрбіреуінің қолында теннис добынан. Жүргізуші волейбол добын ұстап, жоғары лақтырады. Ойын мұғалімнің белгісі бойынша басталады. Сызықтың ішінен тигізген есептелмейді.
Ойынның нұсқасы: Өткізілген ойыннан кейін ең мерген және ең жақсы лақтырушыға қайтадан өткізуге болады. Ол үшін бірінші кезеңнің жеңімпаздарын бір шеңберге жинап, ұтылғандарды басқа шеңберлерге жинап, осы тапсырманы қайтадан өткізу керек.
Сұраңыз: Лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма? Оқушыларды дұрыс жолға бағыттаңыз және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексеріңіз.
Қажетті жағдайда келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпыныңыз.
Сабақ соңында
Рефлексия жүргізіңіз. Оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізіңіз.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтыртыңыз.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларын орындайды.
Мысалы :
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?