Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Сабақ жоспары № 9

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес 

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- секіруді дмытуға арналған қимыл-қозғалыс комбинацияларының орындалу реттілігін түсідіреді

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

- секіруге дамытуға арналған қимыл-қозғалыс комбинацияларының орындалу реттілігін көрсете біледі

 Бағалау критериі

- кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі

 Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік ережесі
  • адымдар, секірулер, екпін алу
  • лақтыру
  • сөре, мәре
  • секіру және лақтыру кезкңдері
  • жүгіру, секіру, лақтыру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?
  • Сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Секіру техникаларын АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Секірудің техникасын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-секіру техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Арқаға сурет салу»

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

Секіру жаттығуларын дамыту.

Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру,

үйрету, көрсетіп беру. Екпін алып ұзындыққа секіру, екпін алу,итерілу, ұшу, жерге түсу секілді секіру фазалары бойынша біріккен элементтерді орындау техникасы. Жек нәтижелерді есепке ала отырып, 5-7 және 7-9 адымнан екпін алып толық үйлесімділікте секіруді орындау.

Секіру төрт жаттығу жиынтығынан тұрады.

Олар:1.Екпіндей жүгіру.

2.Серпілу.

3.Алға ұмтылу.

4.Жерге түсу

Ұзындыққа секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп,және соңғы жасаған адымымыз екпінмен жүгіріп келе жатырғандағы адымға қарағанда кішілеу жасалады.Серпілген аяқ жерден көтерілгенде толық жазылуы тиіс. Оқушыларды кезек-кезек секіру.

Дескриптор :

Ұлдар см – « 5 » см – « 4 » см- « 3 »

Қыздар см – « 5 » см – « 4 » см – « 3 »

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- биіктікке секіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Үлкен, бос кеңістік, нығыздалған доптар, жеңілатлетикалық кедергілер. Гимнастикалық маттар(ұзындыққа секіруге арналған ор), орындық, гимнастикалық орындық, секіртпе жіп, ысқырық.

Секіруді дамытуға арналған жаттығу интернет ресурсына сілтеме:

http://sportfiction.ru/articles/uprazhneniya-dlya-razvitiya-pryguchesti/

Сабақтың соңы

35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=71683:1-nsa-1-blim-zheil-atletika-aryly-densauly-pen-fitnes-_-sekirudi-damytua-arnalan-is-sharalar_-saba-zhopary-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу