Секіруді дамытуға бағытталған қызмет түрі. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация.


Дене тәрбиесі сабағындағы секірулер және секіру жаттығулары

Мазмұны

Оқыту және үйрету

Секіру жаттығуларын түрлендіру

Орында және қозғалыста бір және екі аяқпен секіру

Орыннан ұзындыққа секіру

Гимнастикалық орындықтан секірулер

Жүгіріп ұзындыққа секіру

Дайындық жаттығулары

Биіктікке секіру әдістері «адымдап», немесе «қайшылап»

Оқыту және үйрету

Оқушыларды қозғалыс қызметіне, өмірдегі керекті іс-қимылдарға дағдыландыру, үйретілген әдістерді күрделендірілген түрінде жетілдіріп, пайдалану. Негізгі қозғалыс, қимылдарына оқыту әдісі түрлендірілген жаттығуларды талап етеді. Спорттық терминологияларды пайдалана отырып, педагог қозғалыстың қызмет түрлерін атайды. Қозғалыс үйлесімділіктерінің деңгейі күрделенген сайын, қозғалысты бөліп қарап, бөлім бойынша бөлшектеп оқытылады. Алғашында қозғалысты бөліктерімен біріктіріп және осыдан кейін барлық қозғалысты меңгеріп қолданады.

Қозғалыс қызметтерін меңгергеннен кейін, барлық элементтері бойынша жетілдіреді.

Қайталау белсенділікті төмендетпеуі үшін, оқушыларға қозғалыс шарттарын, әдістерін ауыстыру керек. Дене тәрбиесі сабақтарында айту, әдістерді қайталап көрсету арқылы секіру жаттығуларының мағынасын ашу көзделеді.

Секіру жаттығуларын түрлендіру

Дене тәрбиесі сабақтарында секіру жаттығуларын күшті, төзімділікті, жылдамдықты дамыту құралы ретінде пайдаланады. Жеңіл атлетикалық ұзындыққа секіру, үш аттап секіру, биіктікке секіру түрлерінен басқа, ойын түрі бойынша секіру, гимнастикалық секіру жаттығулары да кеңінен пайдаланылады.

Секіру жаттығулары басқа дене қызметімен салыстырғанда ұтымды пайдалануға болады: арнайы құралдарды талап етпейді, қол жетімді, дайындық деңгейін оңай тексеруге, күрделенген қозғалыс деңгейлерін меңгеруге бағытталған. Секіру жаттығулары, жүгіру жаттығуларымен тығыз байланыстырылған және бірін-бірі өзара толықтырады. Оқушыларды жан-жақты дамытады, секіру жаттығулары арнайы дайындық деңгейін талап етеді. Әр сабақ бойынша секіру жаттығуларын негізінен дайындық жаттығуларын қамтиды: табанның ішкі, сыртқы жанымен жүру, өкщеден аяқтың ұшына ауысып жүру, алдыға ентелеп жүру т.б. Оқушылардың дамуына ықпал ету мақсатында осы аталған дайындық жаттығулары күрделенеді. Жаттығуларды пайдалана, жарақат алудан сақтау, нәтижелі көрсеткіштерге бағыттау.

Орында және қозғалыста бір және екі аяқпен секіру

Әр түрлі дағдылар:

– оң аяқпен орында және ілгері қозғалып секірулер;

– сол аяқпен орында және ілгері қозғалып секірулер;

 екі аяқпен орында және ілгері қозғалып секірулер;

– ыршып, сермелулер: өкшеден, аяқтың ұшына ауысып еркін жүрістен, секірумен жалғастыру;

– жоғарыға ілінген затқа сермеле жету;

– бүйірмен адымдап секірулер;

– аяқты алдыға шығарып, бір аяқпен екінші аяққа секіру;

– сызықтан бір аяқпен секіру;

– сызықтан екі аяқпен секіру;

– орыннан биіктікке секіруді түрлендіру

– қолмен сермеле жоғары секіру жаттығулары;

– бұрылыстармен, айналып 90, 180, 360° секірулер;

– отырған, тұрған қалыптан аяқтың арасын ташып секірулер;

Жаттығуларды түрлендіріп орындау мақсатында қарғымақтармен, доптармен, шеңберлермен, созылмалы резинкаларды пайдаланып жаттығулардың сапасын арттыру.

Орыннан ұзындыққа секіру

Екі аяқпен итеріледі (табан иықтың деңгейінде және бір-біріне параллель), қолдармен алдыға-артқа сермелу. Секіргенде кең дәрежеде керілу. Тік және көлденең тұрыстарда күшті дұрыс жұсау керек. Қонғанда иықты барынша алдыға ентелеу, аяқты барынша жоғары көтеру, алдын ала жерге қонбау амалдарын қарастыру. Міндетті кең амплитудалық қозғалыстар, қолмен дұрыс сермелулер, жұмсақ жерге қону, бір уақтылы екі аяқпен қону. Cекіруді үйренуді ойын формасында жаттығу әдістері қарастырылған: мысалы, ойын «Тырналар мен бақалар». Дұрыс кіріктіру жаттығуларын таңдай отырып, күрделі секірудің дұрыс дағдыларын қалыптастыру.

Гимнастикалық орындықтан секірулер

Төменгі сынып оқушыларына гимнастикалық орындықтарға қолмен таянып, секіру жаттығулары ұсынылады. Қол білезіктерімен орындықтың жиегіне ұсталып, шынтақты түзу арқылы секіруді қайталау. Екі аяқпен сермеліп, гимнастикалық орындықтан секіру қарастырылады. Орындықтың екінші жағынан жұмсақ қону әдістерін қолдану. Қолды алмастыра, жаттығуды қайталау. Бұл жаттығумен танысу баланың дене сапасын дамытудың бірнеше мақсаттарын қамтиды :

– жоғарғы иық, білек күшін дамыту;

– қозғалыс үйлесімділігі;

– секіруді дағдылары;

– сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сыныпжоғарлаған сайын жаттығудың қиын, күрделенген нұсқаларын ұсыну: қолмен таянбай секіру амалдары.Гимнастикалық орындыққа тура, бүйірмен тұру арқылы секіруді қайталау. Жаттығулар кешені оқушының күшіне қарай берілуі тиіс. Осы жаттығуды түрлендіру, жеңіл атлетикалық кедергілерден секіру жаттығуларымен байланыстырады. Жаттығулардың жүктемесін кедергілердің биіктігін көтеру, арасын жақындату арқылы күрделендіруге болады.

Жүгіріп ұзындыққа секіру

Жүгірп ұзындыққа секірудің бірнеше әдістері қолданылады:

«қайшылап»;

– шалқайып;

– аяқты бүгіп.

Нәтиже тура жүгіру жылдамдығына, секіру, сермелу белгісіне тура келуге, ыршуға байланысты. Секіру итерілу бұрышына, ұшуда тепе-теңдікті сақтау, қонғанда аяқты алдыға шығаруға да байланысты.

Мектептің қабырғасында негізгі секіру түрі аяқты бүгу әдісі оқытылады.

Cекіру дағдыларын үйрету кез-келген мектеп жасында бастауға болады, тек қана оқушының дене дайындығына байланысты. Бірінші кезекте шұғылданушының итерілетін, ыңғайлы аяғын анықтап алу керек. Ол үшін оқушыға жақын қашықтықтан бірнеше қарапайым секіру шұңқырына, құмға секірулер ұсыну керек. Секіру, итерілу сызығы берілмейді тек оқушылар өздерінің ыңғайлы, күшті аяқтарын пайдаланып секіреді. Осы әдіс арқылы итерілетін аяқты анықтауға нәтиже береді. Итерілетін аяқты дұрыс таңдап, анықтаса секіру нәтижелеріне жақсы әсер етеді.

Жүгіріп ұзындыққа секіру техникасына тиесілі:

– екпін ала жүгіру техникасы;

– итерілу, секрмелу техникасы;

– ұшу, самғау техникасы немесе ұшу фазасы;

– жерге қону техникасы.

Cірудегі қарқын ала жүгіру, қысқа қашықтыққа жүгіруден айырмашылығы аз: бұлшық еттің жылдам жоғары қозғалыс-қимылымен өлшенеді.

Қарқын алып, үдемелі жүгіру тек, итерілу, сермелу, қону техникасын ұстанатын оқушыларға ғана тиесілі. Алғашында 2–4 адымнан, 10–12 адым аралығында қарқын ала жүгіру әдістерімен, жылдамдықты қосу арқылы ұзартылады. Жүгіруді бастамас бұрын екі негізгі тұрыс қолданады біріншісі– бақылау сызығына бір аяқты алдыға қою, екіншісін артқа қою; екіншісі – тізені сәл бүгіп және аяқтың арасын 10–15 см, кеудені алдыға еңкейтіп және қолды бос жіберу. Қорзғалысты алдыға еңкеюмен бастау ұсынылады.

Қарқын ала жүгіруді, секіру сызығынан анықтап, артқы бағытта қалыпты адымдармен артқа есептеп алу тиімді. Жүрістегі қарапайым екі адым, жүгірудегі бір адымға тиесілі. Жүгіру орыннын адым қашықтығына байланысты өзгертуге болады. Жүгіру біртіндеп жүгіруден, қарқын ала, жылдамдықпен жүгіруге ауысады. Итерілу сызығына келгенше жылдамдықтың қарқыны жоғары болуы тиіс. Секірушінің тұлғасы тік және секіруші итерілу сызығына тура келуі тиіс.

Дайындық жаттығулары

Адымдау жаттығулары

Кең адымдау нұсқалары, белсенді аяқты алдыға, артқа сермеу, сермелу жаттығуларын тізені бүгіп және сөзып орындап, қайталау ұсынылады. Осы тұрыстарды жоғары ұстап қалу, алдыға, артқа сермеу арқылы қайталау.

Адымдап жоғары секіру амалдарын қолдану.

Итерілетін аяққа қайта түсу арқылы, жоғары секіру жаттығуларын қосу. Назар аудару керек тек қана жоғары секіруге күш салу талап етіледі.

Осы жаттығуларды секіретін шұңқырда емес залда да орындау ұсынылады. Адымдап жоғары секіріп және секіру шұңқырына қону.

Ұшу кезеңінде сермелетін аяқ тізеден сәл бүгілуі, барынша биік болуы тиіс, итерілетін аяқты сермелетін аяққа біріктіру керек. (ұшу «орындықта отырып»).

Қону аяқты барлық буынында бүгумен, денені алдыға ентелеп және алдыға немесе жанға құлап, секіру шұңқырынан шығумен аяқталады.

Мысалға келтірілген жаттығулар, жүгіріп ұзындыққа секіру үшін пайдаланылады. Дайындық жаттығуларын бірнеше рет қайталап, дағыланғанша жасау керек.

Итерілуде нені ұстану қажет :

1. Соңғы адым жылдам орындалады, басқаларына қарағанда. Итерілу тақтайына аяқ өте жоғары деңгейдегі қарқынмен қойылады.

2. Жылдамдық өкшеден, аяқтың ұшына жылдам ауысуы тиіс. Одан кейін барлық тұлғаның белсенді қимылы алдыға ентелеуі тиіс.

3. Тұлғаның жоғарғы иық бөлігі тік, көру амалдары тура болуы тиіс.

4. Сермелу аяғының сан бөлігі көлденең сызық бойымен, (тізе барынша бүгілуі тиіс).

5. Қолдың серіппелі қозғалыстары итерілуге ықпал етеді, (иықтар белсенді қозғалады, жоғары көтеріледі).

Қонғанда маңыздысы келесілері :

1. Аяқты алдыға шығару, аяқтың түзулігі ескеріледі, бірақ аяқ бостау болуы тиіс.

2. Өкше топыраққа тиген сәтте, аяқ тізеден сәл бүгіледі. Жоғарғы иық бөлімі кішкене жоғары көтеріледі, осы мезетте аяқ санын алдыға шығару керек. Осылайша дене салмағы қону нүктесіне ауысады.

3. Жамбас уақытынан бұрын топыраққа тимеуі тиіс.

4. Екі аяқ та бір деңгейде жерге қонуы тиіс. Жерге қону дұрыс болып есептеледі егер де, аяқпен топыраққа тиген кезде, секіруші денесімен алдыға немесе жанға ентелеп құласа.

5. Секіру шұңқырынан тек алдыға шығу керек.

Биіктікке секіру әдістері «адымдап», немесе «қайшылап»

Секірудің негізін құрайды:

– үдемелі жүгіру;

– итерілу;

– көлденең бақаннан өту;

– қону әдістері.

Бұл әдісте секіруші жүгіруді доға тәріздес орындайды, көлденең бақанның жанынан, бүйірінен итерілу орындалады. Бір уақтылы қолмен сермелу, жоғары секіруге септігін тигізеді, секіруді үйлесімді қозғалыс іс-әрекеттерімен қамтамасыз ету. Сермелетін аяқ, көлденең бақаннан өтіп, белсенді қозғалыстармен төмен түседі.

Секірудің жоғарғы нүктесінде секіруші жылдам иығын және басын бақанға бұрады.

Жерге бірінші сермелген аяқ тиеді. Егер де жерге қонған сәтте тепе-теңдік сақталмаса, қозғалыстың үйлесімділігінің келіспеушілігі көрінеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу