Секіруді дамытуға бағытталған қызмет түрі. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Жеңіл атлетика

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Секіруді дамытуға бағытталған қызмет түрі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1. Дене қасиеттерін дамытатын жаттығулардан мысалдар келтіру

 Сабақ мақсаттары

Түрлі секіру жаттығуларын орындау кезінде қимыл-қозғалыс реттілігін сақтап, іс жүзінде қолдану және секіру, сермелудің дене сапасын жақсартуға тигізетін әсерін анықтау.

 Бағалау критерийі

Дене сапасын дамытатын жаттығулар мен қимыл-қозғалыстарды іс жүзінде көрсетеді, ретілігін сақтайды және ағзаға пайдасын анықайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Жүгіруде, секіруде және лақтыруда қажетті негізгі дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алуға көмектесу үшін.

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік;
  • қадам, қозғалыс;
  • екпін алу, ұшу және қону;
  • дене бөліктері: қол, аяқ, табан, шынтақ.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілік дағдысына негіздеу, дененің дұрыс дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыру, қозғалыс білік-дағдыларын жетілдіруіне ықпал ету.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану; Жеңіл атлетикалық жаттығулардың негізгі техникасы сілтеме: http://sportwiki.to/%D0%9B%D0%B5%D0%B3%D0%BA%D0%BE%D0%B0%D1%82%D0%BB%D0%B5%D1%82%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F

Бастапқы білім

Оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық қозғалыстар туралы жеке білімдері мен денсаулық туралы түсінік негіздерін жақсартып, жұмыс істейді.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б=барлық сынып ЖЖ=жұптық жұмыс

Тәж=оқушы тәжірибесі Ф=формативтік бағалауды қолдайды

Т=топтық жұмыс Ж=жеке жұмыс К=оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

(Б, Тәж, Т) Оқушылар топта арнайы жүгіру жаттығулары кешенін жасап, бір-біріне көрсетеді.

Топтар денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы жүгіру жаттығулары кешенін талдайды. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар, кедергілер

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор.

Сабақтың ортасы

(К, Т) Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырмаларды орындайтын шағын топтарға бөлу.

1. Жылдам жүгіру кезінде әр бес қадамда итеріліп, «адымдап» секіруді орындау (5-6 рет).

2. Тізені кеудеге тартып, кедергі арқылы орнынан тұрып секіру (5-6 рет).

3. «Отырған» күйінде қонуымен орнынан тұрып жоғары секіру (мысалы, гимнастикалық мат) (5-6 рет).

4. Жүгіріп келіп аяқты қайшылап, биіктікке секіру (5-6 рет).

5. Қону орнына жақын орналасқан кедергі арқылы бес-алды қадам жүгіріп келіп секіру (5-6 рет).

6. Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).

7. Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).

Секіруді жақсарту үшін қолданатын арнайы жаттығуларды оқушыларға ұсыну. Әр түрлі кедергілерден секіру, ілінген заттарға секіріп жету жаттығулары.

Топта оқушылармен секіру дағдыларын жақсарту үшін ұсынылған тапсырмалардың қайсысымен тағы жұмыс істеу керектігін талқылаңыз.

(Б, Т, Ф) Оқушылар жұпқа бөлінеді және екпін алып ұзындыққа секіру техникасын орындайды.

(Б, Ф) Екі команданың ойыншылары алаңның қарама-қарсы жақтарында бетпе-бет сапқа тұрады. Беглі бойынша ойнышылар бір аяқпен (сол, оң) секіре қозғалып, алаңды кесіп өтеді және қарсылас үйінің сызығынан жылдамырақ өтуі тиіс. Ойыншылары қарама-қарсы сызықта бәрінен ертерек жиналған команда жеңіске жетеді. Алаңдағы ойыншылардың саны бойынша жеңімпаз команданы анықтау қиынға соқпайды. Жарысты жалғастырып, ең жылдам ойыншыны да анықтауға болады. Сұраңыз: Сендер жеңіл атлетиканың қандай түрлерін білесіңдер? Жылдам жүгіру, секіру үшін, бастысы, жарақаттар алмау үшін, сабақ басында не істеуіміз керек?

Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар, кедергілер

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор.

Секіруге арналған сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=S0792zB7f8E;

https://www.youtube.com/watch?v=qT435OWqXy4

Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар.

Фишкалар, конустар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Жеңіл атлетикалық секіру фазаларындағы дағдыларға әдеттегі спецификалық қозғалыс әрекеттеріне және денсаулықты нығайту факторларына байланысты анықтамалар ұсыну. Оқушылар таңдаған белгілі қозғалыс әрекетерін қолдап, оңтайлы әдістемелік нұсқаулық беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеңіл атлетикалық қимыл-қозғалыс функцияларын дамыту жаттығуларына бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде күшті дұрыс жұмсау. Секіру фазаларын қолдануды, жетілдіруді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар жаттығу компоненттерін және денсаулықты нығайту факторларын үлгі ретінде сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Жаттығулардың нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру.

Оқушылардың өз бетінше кең ауқымды секіру жаттығуларымен белсенді жұмыс істеуі.

Өз бетінше тапсырмаларды орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқап көру. Көптеген секіру дағдыларын анықтау, көрсету белсенділігі. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру.

Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару.

Демді ретке келтіру тәсілдерін пайдалану..

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсатының негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, секіру тапсырмаларын жүйелі орындайды, қателерін анықтайды, түзетеді.

Жеңіл атлетикалық тапсырмаларды жұппен және топпен машықтанып, орындап қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Жеңіл атлетикалық жаттығулардың нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника қауіпсіздік ережелерін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге тапсырмалар берілді, әр түрлі ыңғайлы, ұтымды қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жеңіл атлетикалық секіру әрекеттерінің техникасына, орындалу сапасына көңіл бөлу.

Білім алушының деңгейін, белсенділігін анықтау.

2: Жаттығулард кешенінің жүйелілігінің, реттілігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Тапсырмаларды орындаудағы белсенділік.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру. Қимыл-қозғалыстардың айырмашылығын анықтау.

2: Спецификалық қозғалыс әрекеттерді ұтымды, ыңғайлы, үйлесімді қолдану. Тапсырмалардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Секіру және дәлдеу түрлеріне, қимыл-қозғалыс аппаратының негізгі функцияларына байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу