Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің ата-жөні: Акмуханов Абзал Утеулиевич

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1 қолайлы оқып –үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

 Сабақ мақсаттары

Орта қашықтыққа дұрыс жүгіру техникасын үйрету

 Бағалау критерийі

- орта қашықтыққа дұрыс жүгіру техникасын көрсетеді

- берілген ара қашықтықты аз уақыт ішінде жүгіріп өтеді

 Ойлау дағдылар деңгейі

Қолдану

 Тілдік мақсаттар

 

Сабақты тақырыбын меңгеру барысында оқушылар келесідей терминдер туралы біледі, қолданады:

Сөре, сөреден шығу, өз жолағымен жүгіру, мәре.

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды.

Бастапқы білім

Жүгіру қашықтықтарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

8 мин.

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік өлшемдерімен таныстыру. Жүгіру барысында орындалатын жалпы дамыту жаттығулар. Бір орында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік.

Сабақтың ортасы:

12 мин.

15 мин

(Б, ЖЖ, Ф) Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп жүгіру дағдысын дамытуға арналған бірізді жаттығулар кешенін пысықтайды.

Мысалы:

1. Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу (табанды жерге қою, итерілу, жамбасты көтеру, денені еңкейту және қолды қозғалту).

2. 80-100 м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіру.

3. Орташа қарқында серпімелі қадаммен 80 және 100 м-ге тура жүгіру.

4. Орнында тұрып және жүгіріп қолды қозғалту.

5. 80-100 м кесіндіде бұрылу бойынша жүгіру техникасын көрсету.

6. Бұрылысқа кіру кезінде 50-60 м-де жүгіру.

Сипаттауыштар:

- аяқты дұрыс қою

- жүгіру кезінде қолдың қозғалысын орындайды

- тек өз жүгіру жолағымен жүгіреді

(Т,К,Т,Ф) Оқушылар конустармен белгіленген үшбұрыштың тіке бүйірлерімен 15 секундта 50 метр жүгіріп өтуге тырысып, төрт-төрттен топтарда жұмыс істейді. Оқушылар басынан жүрыс қарқын орнатуға тырысуы тиіс. Олар үшбұрыштың келесі нүктесіне аяң жортаңмен жүреді немесе жүгіреді. Жүгірушілер талап етілетін қарқынды сезінулері үшін екі немесе үш рет сол арақашықтықты немесе талап етілетін уақыт көлемін пайдаланыңыз

Сипаттауыштар:

- 15 секундта 50 метрге жүгіреді

- жүгіру кезінде бір қарқынмен жүреді

Бағалау мадақтау мен қимылдар түрінде жүргізіледі.

Мына сілтеме бойынша сөрелік екпін алуға арналған тапсырмалар бар:

https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық, доптар, конустар.

Жеңіл атлетика бойынша сабақты бекітуге арналған

сілтеме:

http://fizkultura-na5.ru/legkaya-otletika/razvitie-skorostno-silovykh-kachestv-10-11-klass.html

Сабақтың соңы:5 мин.

Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. Нені білгендігі немесе қалай жұмыстанғандығы жөніндегі талқылау. Стикерлер бойынша рефлексия жүргізу.

.

Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Дене дайындығына қолдау қажет ететін оқушылар үшін – 400 метр қашықтыққа жүгіру тапсырмасы беріледі.

Дене дайындығы жоғары оқушылар үшін - 800 метр қашықтыққа жүгіру тапсырмасы беріледі.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылар берілген тапсырмаға сай жұмыстануына байланысты және жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеді (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақ барысында жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не анықталды, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу