Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің ата-жөні: Аюпов Темирлан кадырболатович | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, сондай-ақ оның маңыздылығын түсіну | |||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау | |||||
Сабақ мақсаттары | Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту үшін жаттығулар кешенін жасау | |||||
Бағалау критерийі | - қыздырыну және қалпына келтіру жаттығулар кешенін құру - дұрыс жүгіру техникасын көрсетеді | |||||
Ойлау дағдылар деңгейі | Қолдану | |||||
Тілдік мақсаттар
| Сабақты тақырыбын меңгеру барысында оқушылар келесідей терминдер туралы біледі, қолданады: Сөре, сөреден шығу, өз жолағымен жүгіру, мәре, кешенді жаттығулар, қыздырыну және қалпына келтіру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды. | |||||
Бастапқы білім | Орта қашықтыққа жүгіру техникасын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы: 8 мин. | Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік өлшемдерімен таныстыру. Жүгіру барысында орындалатын жалпы дамыту жаттығулар. Бір орында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. | Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік.
| ||||
Сабақтың ортасы: 12 мин. 15 мин | (Б, Ж, ф) Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтағы оқушылар қыздырыну мен қалпына келтіру үшін жаттығулар жиынтығын құрып және көрсетуге тиіс. Кейін олар бір-біріне олардың маңыздылығын түсіндіруі тиіс. 1.Қозғалыстағы арнайы жүгіру: 1) жамбасты жоғары көтеріп жүгіру; 2) аяқты артқа сермеп жүгіру; 3) түзеу аяқты алға лақтырып жүгіру; 4) алға еңкейіп аяқты артқа лақтырып жүгіру; 5) қадамдап секіру; 6) қадамдап оң (сол) аяқпен секіріңіз; 7) аяқтан аяққа секіру; 8) ақырындап жүгіру; 9) қадамда алға ұмтылып секіру; 10) қадамда жоғары жамбас. Ойлы-қырлы жерлерде 1500 м. жүгіру. Сипаттауыштар: - жүгіру кезінде қол мен аяқтың дұрыс қозғалысын орындайды - жаттығуларды сапалы түрде көрсетеді - дұрыс дем алу жолын түсіндіреді Сабақта бағалау, бақылау және өзара бағалау әдісімен жүзеге асырылады. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, конусы, секундомер. Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық, конустар. | ||||
Сабақтың соңы:5 мин. | Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. Нені білгендігі немесе қалай жұмыстанғандығы жөніндегі талқылау. Стикерлер бойынша рефлексия жүргізу. | Әрбір тапсырма үшін бос, кең кеңістік.
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Дене дайындығы жоғары оқушыларға қайталап жүгіруді ұсыну. Дене дайындығына қолдау қажет ететін оқушылар үшін – 400 метр қашықтыққа жүгіру тапсырмасы беріледі. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушылар берілген тапсырмаға сай жұмыстануына байланысты және жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты бағаланады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етеді (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақ барысында жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не анықталды, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?