Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары № 4
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті: Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын қалыптастырады -тиімді жұмыс дағдыларын көрсете біледі Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: -қолайлы ортасын құру біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолданады және көрсете білу. | |||||
Бағалау критериі | Қысқа қашықтыққа жүгіруде , техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі. | |||||
Тілдік мақсаттар Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді | Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыстыру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Жүгіру техникаларын АКТ арқылы көрсету. | |||||
Бастапқы білім | Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 |
Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер - қауіпсіздік ережесін біледі. -төменгі сөре және сөрелік екпін техникасын түсінеді. -техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.; II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Б, ЖЖ, Ф) Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп жүгіру дағдысын дамытуға арналған бірізді жаттығулар кешенін пысықтайды. Мысалы: 1. Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу (табанды жерге қою, итерілу, жамбасты көтеру, денені еңкейту және қолды қозғалту). 2. 80-100 м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіру. 3. Орташа қарқында серпімелі қадаммен 80 және 100 м-ге тура жүгіру. 4. Орнында тұрып және жүгіріп қолды қозғалту. 5. 80-100 м кесіндіде бұрылу бойынша жүгіру техникасын көрсету. 6. Бұрылысқа кіру кезінде 50-60 м-де жүгіру. Дескриптор : - Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу жасайды. - 80-100 м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіреді. -Орташа қарқында серпімелі қадаммен 80 және 100 м-ге тура жүгіре алады. - Орнында тұрып және жүгіріп қолды дұрыс қозғалтады. - 80-100 м кесіндіде бұрылу бойынша жүгіру техникасын көрсетеді. - Бұрылысқа кіру кезінде 50-60 м-де жүгіреді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - осы тапсырманы орындау кезінде қандай сезімдер болды? - осы тапсырмада нені сақтау, ескеру маңызды еді? (саралау) Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Кең ойын алаңы, ысқырық, фишкалар, бор, конустар. Жүгіру алаңы, төменгі сөреге арналған сөрелік тірегіш, ысқырық, фишкалар, бор, конустар. Алыс қашықтықтарға жүгіру техникасы интернет ресурсына сілтеме: http://geekrunner.org/general/texnika-bega-na-dlinnye-distancii | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?