Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №5 сабақ

Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты айналым санын көбейтуге болады. Орындалған тапсырмаға талдау жасағанннан кейін, тапсырманы орындау ережелерін құрастыруға немесе өзгертілген нұсқаларын ұсынуды сұраңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың денсаулық жағдайларына қараңыз.

Сұраңыз: Алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Тапсырма алдыңда түсіндіріп өтіңіз.

Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ, олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін – тік тұру, ілініп тұру (аспа темірде, шығыршықта), тіреліп тұру (қос сырықта, белтемірде т.б.) немесе көлденең (тепе-теңдік, суда жүзу) және таяну (еденде, скамейкада тірей сүйену) түрінде де кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, жалпы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рөл атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:

- жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі. Мысалы, 100 метрге жүгіру алдындағы төменгі сөреге тұру қалпы, палуанның өз әдісіне керек қалыпты ұстауы т.б.;

- қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі. Мысалы, конькимен сырғанаушының жартылай отыру қалпы, шаңғышының секіру кезіндегі ұшу қалпы т.б.;

- жаттығуды аяқтағанда керек дене қалпын сақтау. Мысалы, спортшының снарядтағы жаттығуды орындап болғаннан кейінгі секіріп түсіп, дұрыс дене қалпын сақтауы т.б.

Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз - кеңістіктегі қозғалыс шамасы және қозғалысты елестетудегі дененің жағдайы. Траекторияға қарап дене мүшелері қозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыс траекториясы түзу сызықты және қисық сызықты болады. 100 метрге жүгіруді – түзу сызықты, ядро итеруді – қисық сызықты деп шартты түрде айтамыз, өйткені тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әрқашан да қисық сызықты қозғалыс жүреді (дененің серпілуі, ауырлық нүктесінен ауытқу амплитудасы т.б.). Жаттығушылардың ағзасына дене тәрбиесі жаттығуларымен тиімді әсер ету және қозғалыс техникасын жақсы орындау қозғалып келе жатқан дене немесе оның мүшелерінің траекториялық бағытына байланысты (мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағытын дұрыс анықтай білуі керек).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу