Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларыДене шынықтыру
Бөлім/тақырып | Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес |
Оқу мақсаты | 8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну; |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу түсіну қолдану |
Тапсырма | |
Оқушылар топтарда төрт адамнан жұмыс жасап, конустармен белгіленген үшбұрыштың тура жақтарымен 60 м қашықтықты 15 секундта жүгіріп өтуге тырысады. Оқушылар жүгірудің басынан дұрыс қарқынды ұстауға тырысады. Олар үшбұрыштың келесі нүктесіне жүріп немесе аяң-жортақпен барады. Жүгірушілер қажет қарқынды сезу үшін, сол қашықтықты және қажет уақытты екі немесе үш рет қайталаңыз. (Ж, Т, К) Кешенді эстафета. Сыныпты топқа бөліп, қашықтыққа кедергілерді қою. Эстафетаның бір айналымы 400 м. Оқушылар сөреден кезекпен шығып, келесіге эстафетаны береді. Белгі бойынша оқушылар бірінші кезеңге жүгіреді, бір-бірінен параллелді орналасқан 3-4 кедергінің астынан өтіп, келесі кезеңге жүгіреді, белгілі кезекте орналасқан фишкалардан өтеді. Үшінші кезеңде оқушылар гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп өтеді, төртінші кезеңде гимнастикалық ағаш аттың астынан өтеді, бесінші кезеңде гимнастикалық орындықтың үстінен жүгіріп өтіп, үстінен секіріп түсіп, тағыда үстінен кері бағытта жүгіріп өту. Алтыншы кезеңде сызылған шеңберлердің ішіне аяқпен дәл басып, жүгіріп өтеді де, келесі қатысушыға эстафетаны береді. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.
| |
Дескриптор | |
- 60 м қашықтыққа жүгіредіі; -жүгіру алдында денені қыздыру жаттығуларын орындайды; - жүгіру кезеңдерімен қашықтықты орындайды; |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?