Қауіпсіздік техникасы. Жақын қашықтыққа жүгіру дағдылары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік техникасы

Жақын қашықтыққа жүгіру дағдылары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.5.1. Әр түрлі құрал жабдықтарды пайдалана және қозғалыс әрекетін орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді сезіну

 Сабақ мақсаттары

1.Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Қысқа ара-қашықтыққа жүгірудің қауіпсіздік ережесін біледі болатын қауіп – қатерлерді анықтай алады.

2.Оқушылардың көпшілігі келесіге қабілетті:

Төменгі сөреден шығу әдісін орындай алады

3. Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:

30 м. ара-қашықтықты жоғары жылдамдықпен жүгіру барысында қиындықтарды жіктеу.

 Бағалау критерийлері

Қауіпсіздік ережесін біледі

Жүгіру кезінде болуы мумкін қатерлерді анықтап айта алады.

 Тілдік мақсаттар

  • жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын жеңіл атлетикада қолдану әдісін сипаттау

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • төменгі старт, жоғарғы старт
  • жүгіру: сермейтін аяқ, соққы беретін аяқ, старттық екпін, қашықтыққа жүгіру, мәреге жету

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде қандай физикалық қабілеттер дамиды?
  • жүгіру кезінде ұзақ қашықтықтың ортасында күшті үнемдеу неліктен маңызды?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы іс-әрекеттерді сипаттау,және сыныптасына деген көмек көрсету

 Пәнаралық байланыстар

Физика ,Биология

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта акт қарастырылмаған

Бастапқы білім

Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және алдыңғы сыныптарада және оқудан тыс уақытта танысқан жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларымен таныс. Жаттығуды орындауда қауіпсіз ережесін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың

Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық , конус, секундомер.

Сабақтың ортасы

(Б) Жеңіл атлетика бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары

(Т, ТӘЖ, Ф) Оқушылар топтарда кезек-кезекпен жүгіріп, жүруді орындайды. Оқушыларға берілетін тапсырма бірдей уақыт аралығында әртүрлі жолмен (жүру, жүгіру) қашықтықтан өту айырмашылығын анықтау болып саналады. Бір оқушы бастайды және таймерді белгілі бір уақыт аралығында тоқтатады (мысалы, 1 минут 30 секунд). Тапсырма әртүрлі уақыт аралығында, әртүрлі жылдамдықпен ары қарай қанша қашықтықтан өтуге болатынын анықтау үшін қайтадан беріледі.

(Ж, К, ф) Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіру барысында төменгі старттың техникасын жақсарту үшін жұпта жұмыс істейді. Бір оқушы төменгі старт техникасын көрсетеді, ал басқа оқушы оның орындауын талдап, бағалайды. Содан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

Дескриптор

  • Қаіпсіздік ережесін айтып береді.
  • Жаттығуды талапқа сай орындайды
  • Жаттығу барысында туындау мүмкін қатерлерді (қолды қате қою, аяқты дұрыс қоймау, сөреден дұрыс шықпау) айтады
  • Жүгіру барысындағы дұрыс және қате тұстарды (сөреден шығу, мәрені қиып өту, ауаға қарсы тұру, жылдам жүгіру) анықтайда

 Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық , секундомер,

Сабақтың соңы

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Оқушылар,жаттығу барысында қателескен оқушылар саптан бір қадам алға шығады қатесін ортаға айтады,түзейді.

Бос кеңістік

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу