Қауіпсіздік техникасы. Жақын қашықтыққа жүгіру дағдылары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар №1
Ұзақ мерзімді жоспар: 1-бөлім: Жеңіл атлетика | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік техникасы. Жақын қашықтыққа жүгіру дағдылары. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1. Әр түрлі құрал жабдықтарды пайдалана және қозғалыс әрекетін орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді сезіну 8.1.1.1.Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтау және пайдалану | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Жақын қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту, жетілдіру. | ||||||||
Жетістік критерийлері | Жаттығулар барысында өздерінің қозғалыс әрекеттерін, яғни жүгіру дағдыларын жинақтай алады және дұрыс пайдаланады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар Оқушылар: жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін салыстыра және көрсете алады | Пәндік лексика және терминология: Мыналарды қамтиды: -екпін алу, итерілу, ұшу және қону сатысы -физикалық қасиеттер: жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік -қадамдар, аттау -лақтырулар, көтеріп лақтыру -қауіпсіздік, қауіп-қатер -басу, саты жалауша, айыппұл ұпайлары | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту … -жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілетін; -өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі; -сайыстық,жеке немесе байланыс болсын дене жаттығуларын орындау кезінде әлеуметтік мінез-құлықты нығайту арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау). | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыстыру. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ны қолданудың басты мақсаты: дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қсу динамикасы); -фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану; -АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE | ||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық жаттығулар орындау кезінде өздерінің жеке қозғалыс техникаларын жетілдірумен жұмыс істейді. Секіру, жүгіру техникаларын жақсартады, әсіресе спринтер және стайер жүгірісінің техникасын жетілдіруге ерекше назар аударады. Сондай-ақ шағын допты және толтырылған допты лақтыру қарастырылады. Оқушылар шағын топтарда бірлесе жұмыс істеп, оқу тапсырмаларын пысықтайды. | ||||||||
Б =барлық сынып ЖЖ =жұптық жұмыс, Тәж =оқушы тәжірибесі, ҚБ =қалыптастырушы бағалау, Т = топтық жұмыс, Ж =жеке жұмыс, К =оқытушы көрсетеді. Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 8-10мин | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру; - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу; - оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларын өткізу. | ||||||||
Сабақтың ортасы 25мин | Оқушылар топта жұмыс істейді. (Б, Т,ҚБ) Кейіннен сөре қалыбынан жүгіріп шығумен, «Назар аудар» күйін 2-5 с бойы ұстап тұру. (ЖЖ,Т,ҚБ) Қозғалыс бағыты бойынша отырған, жатқан күйден және қозғалыс бағытына арқамен команда бойынша сөрелік үдеуді орындау. (Т,ЖЖ,ҚБ) Төменгі сөреден «төбеге» жүгіру (көтеріңкі жерге) (Т,ЖЖ,ҚБ) «Сөреге!», «Назар аудар!», «Жүгір!» сөреден оқушының шығу аралығын өзгертіп төменгі сөреден жүгіру. Оқушылар 4 адамнан кезекпен жүгіреді. (Б, Т) Ойындар: «Доппен жүгіру» Ойыншылар 1,5-2 м арақашықтықты сақтап, 3-ұпай лақтыруы сызығының артына тұрады. Баскетбол қалқандарының астына екі оқушы орналасады – А-1 және А-2, доп А-1 қолында. Мұғалімнің белгісі бойынша А-1 допты еденмен айдап, А-2 береді. Екі команданың ойыншылары бірінші болып қол тигізуге және өз командасына балл алып келуге тырысып, бір-бірден доптың артынан жүгіреді. Ойын барысында барынша көп балл санын жинаған команда жеңіске жетеді. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Сөре қалыптары, конустар, доптар, ысқырық, секунд өлшегіш. Мына сілтеме бойынша сөрелік екпін алуға арналған тапсырмалар бар: https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Баскетбол доптары, мұғалім үшін ысқырық, конустар | |||||||
Сабақтың соңы 5мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды топтастырып беру, тапсырма мен жабдықтар бойынша айырмашылыққа көңіл бөлу. -өз қозғалыс қимылдары мен сөз қорын тереңдету үшін, реттіліктерін құруда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қоямын. Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? -Бақылау, тыңдау, сұрақ қою арқылы. -Өзін-өзі және өзара бағалауға көңіл аудару -Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары -Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы -Оқушыларды қажет болғанда тоқтатып, қауіпсіздік туралы ережені ескерту. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беруі. Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындауы. 2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігінің қалыптасуы. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Бірлескен және жеке жұмыстарда түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беру. 2: Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігін, тапсырманы орындау тәртібін назарда ұстау. Бірлескен және жеке жұмыстарда түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?