Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 7 сынып, қосымша материал.
Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты.
Тақырып: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Өз денсаулығына салауатты өмір салтының тигізетін
әсерін түсіну және түсіндіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты жақсартуда қимыл-қозғалыс ойындарын ойнайды
• Қозғалыс арқылы денсаулықты жақсартуға болатынын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну және қолдану
Тапсырма
Тең екі командаға бөлініп, «Қызыл ту» ойынын ойнаңыз. Ойын ережесі: Алаң ортасында белгіленген сызық болады, екі команданың өздерінің тулары болуы қажет. Екі команда ойыншылары өз алаңындағы туларын қорғап, қарсылас командадағы туды өз алаңдарына алып келуі қажет. Қарсылас командаға шабуыл жасағанда сол команда ойыншылары оларды қуып ұстап алса, ойыншы сол жерде қатып қалады, яғни отырып қалады. Бірақ, өз қарсыластары қайта келіп «жан» бере алады. Ойында бір команда қарсылас командасының туын өз алаңына алып келсе ойын сол команданың жеңісімен аяқталады.
Дескриптор Білім алушы
- ойынды ережемен ойнап, ҚЕ сақтайды;
- ойын ойнау барысында көшбасшылық танытады;
- қозғалыс ойындарының денсаулыққа пайдасын түсінеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?