Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 65-66 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 65,66
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ 8 бөлім – Жеңіл атлетика көмегімен денсаулықты нығайту Мұғалімнің аты-жөні: Д.К.Аубакиров және түсінікті дамыту Күні: 14.05 – 19.05.2018 ж. Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.4.1. Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын талқылау және баяндау |
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын түсіндіру |
Бағалау критерийлері | Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын талқылайды және баяндайды |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады. Мыналарды қамтиды:
|
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу. Бәсекелік қабілет. |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
Негізгі дағдылар | Оқушылардың әлеуметтік дағдылары дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын топтарда бірлесе талқылау арқылы дамытылады. |
Алдын ала білімі | Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс қызметтерден алған жеңіл атлетика мен денсаулықты нығайту бойынша білімдері мен түсініктері, сондай-ақ дағдылары бар. |
Сабақтың барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | ||
Сабақтың басы 10 минут | Сабақтың басында ерекше көңіл бөлетін боламын: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі. Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады. (С) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Үлкен бос кеңістік. | ||
Сабақтың ортасы
| (С, Тәж, ҚБ) Оқушылар шағын топтарда ширату жаттығуларының кешенін және белгілі бір бұлшық еттер топтары үшін қалпына келтіруге арналған жаттығуларды пысықтайды. Мысалы, орнынан тұрып ұзындыққа секіргеннен кейін қалпына келу жаттығуы мен ширату жаттығуын әзірлеу. Оқушыларға кешендерді әзірлеу кезінде интернет ресурстарын пайдалануға, жаттуғылар кешенін құру кезінде оларға әдістемелік қолдау көрсетуге рұқсат беріледі. Топтада ұсынылған кешендердің сауықтыру пайдасын талқылайды. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Топтада ұсынылған кешендердің сауықтыру пайдасын талқылаңыздар. (С, Т, К, ҚБ) Ойыншылар екі командаға бөлінеді, олар алаңның бір жағына сапқа тұрады. Әрбір команда рет нөмірі бойынша есептелінеді. Командалардың алдына сөре сызығы сызылады. Қолына доп ұстаған жетекші командалардың арасына тұрады. Кез келген нөмірді атап, жетекші допты барынша алыс алға лақтырады. Осы нөмірді иеленген ойыншылар допқа қарай жүгіреді. Допқа алғаш болып қол тигізген ойыншы командаға жеңіс ұпайын әкеледі. Доп жетекшіге оралғаннан соң, ол нөмірді атап, допты қайта лақтырады. Белгіленген уақыт ойнайды. Көбірек балл санын жинаған команда жеңімпаз болып есептеледі. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Бұл ойында жылдамдық тәрізді физикалық қасиеттер қалай дамитынын айта аласыздар ма? | Жаттығулар кешені үшін интернет ресурсы, музыкалық сүйемелдеу. Қозғалыс ойындарының интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=K1bg-8SjaO4 https://www.youtube.com/watch?v=B-eGwNWq-D0 Таңдалған ойын кеңістігі үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, фишкалар, конустар. Қозғалыс ойындары бойынша интернет ресурсына сілтеме: http://lifehacker.ru/2014/11/07/dynamic-warm-up-for-runners/ | ||
Сабақтың соңы 10 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | ||
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын талқылайды деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушылар дене жаттығуларының сауықтырудағы пайдасын талқылайды және баяндайды деп жоспарлап отырмын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Келесі сұрақтар қойылады: Топтада ұсынылған кешендердің сауықтыру пайдасын талқылаңыздар. Бұл ойында жылдамдық тәрізді физикалық қасиеттер қалай дамитынын айта аласыздар ма? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | ||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?