Секіру және дәлдеу. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 63-64 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 63,64
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ 8 бөлім – Жеңіл атлетика көмегімен денсаулықты нығайту Мұғалімнің аты-жөні: А.А.Кусаинов және түсінікті дамыту Күні: 10.05 – 12.05.2018 ж. Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Секіру және дәлдеу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.3.1. Дене қасиеттерін жетілдірудегі түсіну және көрсету үдерісі |
Сабақ мақсаттары | Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсіндіру және көрсету |
Бағалау критерийлері | Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсіндіреді және көрсетеді. |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады. Мыналарды қамтиды:
|
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу. Бәсекелік қабілет. |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
Негізгі дағдылар | Оқушылардың әлеуметтік дағдылары жеңіл атлетикадағы бірлескен жұмыстар және секіру дағдылары арқылы дамытылады. |
Алдын ала білімі | Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс қызметтерден алған жеңіл атлетика мен денсаулықты нығайту бойынша білімдері мен түсініктері, сондай-ақ дағдылары бар. |
Сабақтың барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | ||
Сабақтың басы 10 минут | Сабақтың басында ерекше көңіл бөлетін боламын: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі. Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады. (Б) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Үлкен бос кеңістік. | ||
Сабақтың ортасы
| (Б, Т, К, ҚБ) Сынып оқушылары бірнеше командаға бөлінеді. Және «үй» сызығында сапқа тұрады. Команда ойыншылары сапта тұрып, отырады және қолдарын тізелеріне қояды. Белгі бойынша барлық ойыншылар терең жүрелеп отырған күйде секіріп, қарама-қарсы «үйдің» сызығын тезірек кесіп өтуге тырысып, алға қарай қозғалады. Содан кейін кері қарай секіреді, бірақ барлық қатысушылардың ішінде соңғы болып «үй» сызығын кесіп өткен ойыншы ойынға әрі қарай қатыспайды. Ойын алаңда ең төзімді 2-3 ойыншы қалғанға дейін жалғасады. Ойын аяқталған соң көп секірушілерін сақтаған команда жеңіске жетеді. Осы тапсырманың дескрипторлары: Терең жүрелеп отырған күйде секіріп, қарама-қарсы «үйдің» сызығын тезірек кесіп өтуге тырысады. Сұраңыз: Сендер бұл ойында физикалық қасиеттерді жетілдіруді қалай түсінесіңдер және көрсете аласыңдар? (Б, Т, К, ҚБ) Ойыншылар екі командаға бөлінеді, олар алаңның бір жағына сапқа тұрады. Әрбір команда рет нөмірі бойынша есептелінеді. Командалардың алдына сөре сызығы сызылады. Қолына доп ұстаған жетекші командалардың арасына тұрады. Кез келген нөмірді атап, жетекші допты барынша алыс алға лақтырады. Осы нөмірді иеленген ойыншылар допқа қарай жүгіреді. Допқа алғаш болып қол тигізген ойыншы командаға жеңіс ұпайын әкеледі. Доп жетекшіге оралғаннан соң, ол нөмірді атап, допты қайта лақтырады. Белгіленген уақыт ойнайды. Көбірек балл санын жинаған команда жеңімпаз болып есептеледі. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Бұл ойында жылдамдық тәрізді физикалық қасиеттер қалай дамитынын айта аласыздар ма? | Ысқырық, уақыт өлшеуіш, конустар. Іргелі қозғалыс дағдылары бойынша ресурсты қараңыз (2-кітап, спринт, 21-24-беттер): Таңдалған ойын кеңістігі үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, фишкалар, конустар. Қозғалыс ойындары бойынша интернет ресурсына сілтеме: http://lifehacker.ru/2014/11/07/dynamic-warm-up-for-runners/ | ||
Сабақтың соңы 10 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | ||
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушылар дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсіндіре және көрсете алады деп жоспарлап отырмын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Келесі сұрақтар қойылады: Сіздер бұл ойында физикалық қасиеттерді жетілдіруді қалай түсінесіңдер және көрсете аласыңдар? Бұл ойында жылдамдық тәрізді физикалық қасиеттер қалай дамитынын айта аласыздар ма? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | ||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?