Тактикалық әрекеттер: жеке, топтық, командалық. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VII– тарау: Командалық ойындардағы дағдыларды жетілдіру | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Тактикалық әрекеттер: жеке, топтық, командалық | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.1.5.5 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру және бағалай білу | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі: Талқы мәселелері: Сұраңыз: Команда шабуылын жетілдіру үшін жаңа тактиканы қалай жасай аласың? «Тез үзіліс» кезінде қай стратегия ең нәтижелі? Сен неге ... айта аласың ба? Ойын кезінде шығармашыл болу неге маңызды екенін айта аласың ба? Ойын барысында жаңа тактикалар мен стратегиялар дамыту неге маңызды екенін айта аласың ба? | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілікке ,патриоттық сезімге тәрбиелеу | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика,биология | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||||||||
Бастапқы білім 10 минут | Оқушылар сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы |
Арнайы созылу жаттығуларын өткізу | Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. Баскетбол добы және конустар | |||||||
Сабақтың ортасы 11-15 минут 16-25 минут
26-35 минут | (Б, Т, Ф) Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізеді. Оқушылар баскетбол ойыны кезінде негізгі қауіпсіздік талаптарын қарастырады.
(Б, Т, Ф) Оқушылар жұптарға бөлінеді. №2 ойыншы бағаннан жүгіріп шығып, №1 әріптесі өзіне берген допты қағып алады, допты алаңға көлденең алып жүреді және жүгіру бағытын өзгертпей, секіріп допты қалқанға лақтырады, кері секірген допты қағып алады және оны кәрзеңкеге лақытарды, допты қағып алып, №1 ойыншыға береді. Содан кейін №2 ойыншы №1 ойыншының орнын алады, ал ол бағанның соңына жүгіреді. (Б, Т, Ф) Оқушылар командаларға бөлінеді және бір-бірден екі параллель бағанға сап түзейді. Бағандар арасындағы арақашықтық - 3-4 м, ал бағандағы ойыншылар арасында – созылған қол ұзындығы. Әрбір бағанда бірінші ойыншылар қолдарына баскетбол добын ұстайды. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар допты басынан асыра екінші ойыншыға береді, олар үшіншіге береді және бағанның соңына дейін солай жалғасады. Соңғы ойыншылар допты алып, өз бағандарын, оң жағынан айналып өтіп, бірінші болып тұрады және допты беру жалғасады. Ойын бірінші ойыншы бағандағы өз орнына, басына қайта оралған кезде аяқталады. Допты беруді және жүгірулерді бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді | Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, бос ойын кеңістігі | |||||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | Талқылауға арналған сұрақтар: Сандық артықшылық немесе кемшілікпен шабуыл кезінде қандай тактика мен стратегияларды қолданар едіңіздер? Команданың жеңіске жету үшін тактикалқ шабуылдың маңыздылығын айтып беріңіздер? | Кең,таза кеңістік. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?