Доппен тактикалық іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 55-56 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 55,56
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ 6 бөлім – Командалық ойындарда дағдыларды Мұғалімнің аты-жөні: А.А.Кусаинов және түсінікті дамыту Күні: 09.04 – 14.04.2018 ж. Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Доппен тактикалық іс әрекеттер |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.3.1. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету және тусіну |
Сабақ мақсаттары | Әр-түрлі тактика мен стратегиялар туралы ақпарат беру және түсіндіру. |
Бағалау критерийлері | Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсетеді және түсіндіреді. |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады. Мыналарды қамтиды:
|
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу. Бәсекелік қабілет. |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. |
Алдын ала білімі | Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар. |
Сабақтың барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | ||
Сабақтың басы 10 минут | Сабақтың басында ерекше көңіл бөлетін боламын: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі. Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады. (Б) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Үлкен бос кеңістік. | ||
Сабақтың ортасы
| (Б, Т, К, Ф) Сынып оқушыларын 5 адамнан топтарға бөлемін. Ойыншылардың әрбір бестігі үшін алаңның төрттен бірі бөлінеді. Оыйншыларға өз алаңының шегінен шығуға болмайды. Команда ішінде: біреуінде 3 ойыншы – шабуылдаушылар, басқасында 2-еуі – қорғаушылар. Шабуылдаушылар футбол добын аяқтарымен бір-біріне бере отырып, допты барынша ұзақ ұстап қалуға тырысады, ал қорғаушылар допты иеленуге тырысады. Допты беру кезінде қателік жасаған шабуылдаушы қорғаушымен ауысады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өздері құрған жауап әрекеттерінің алдын алу/қарсыласу тәсілдерін әзірлеп, талқылайды, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалайды. Осы тапсырманың дескрипторлары: допты ұстап қалу және қарсыластарға оны иеленіп алуға жол бермеу. Сұраңыз: Жылдамдықты немесе бағытты өзгерту неліктен сендерге қорғаушыдан айырылуға көмектесетінін айта аласыңдар ма? Сіздер пайдаланған басқа тактикалық әрекеттер неліктен жақсы іске асты? (Б, Т, Ф) Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін, командалардың ішінде рет нөмірлері бойынша есеп жүргізіледі. Мұғалім ерікті түрде ойыншының нөмірін атайды. Аталған нөмірлер жүгіріп шығады, доптарды белгіленген сызыққа дейін (оған дейінгі арақашықтық екі команда үшін бірдей болуы тиіс) жүргізеді, содан кейін кері бұрылады, допты жүргізіп, бастапқы орындарына қайта оралады да, допты қояды. Жеңімпаз өз командасына бір ұпай әкеледі. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларға ойынның баламалы нұсқаларын ұсынуларын сұраймын. Осы тапсырманың дескрипторлары: - допты жоғалтпай 10 рет ойыншыларына беру; - қарсы команданың допты беру кезінде қағып әкету. Сұраңыз: Бұл ойынды ойнаған кезде команда ретінде немесе өз беттеріңізше қандай шешімдер қабылдадыңдар? | Бос ойын кеңістігі, футбол доптары, ысқырық, фишкалар, бор, конустар. Футбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=clIrfuQWB3A Бос ойын кеңістігі, футбол доптары, ысқырық, фишкалар, бор, конустар. | ||
Сабақтың соңы 10 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | ||
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Тапсырмаларды орындауда әр-түрлі тактика мен стратегияларды түсінеді деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырмаларды орындауда әртүрлі тактика мен стратегияларды түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Келесі сұрақтар қойылады: Жылдамдықты немесе бағытты өзгерту неліктен сендерге қорғаушыдан айырылуға көмектесетінін айта аласыңдар ма? Сіздер пайдаланған басқа тактикалық әрекеттер неліктен жақсы іске асты? Бұл ойынды ойнаған кезде команда ретінде немесе өз беттеріңізше қандай шешімдер қабылдадыңдар? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | ||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?