Ойын жағдайындағы сыни ойлау. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Дене шыныктыру және АӘД» ӘБ жетекшісі

Каукеев А.К.________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6- Командалық ойындардағы бірлескен оқу

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні: 26.02.19

Мұғалімнің аты-жөні: Теміртасов.Ә.Б

Сынып: 7 С

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ойын жағдайындағы сыни ойлау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).

7.2.3.1. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету және тусіну

 Сабақ мақсаттары

Ойын кезінде оқушылар ойын ережесін сақтап,әділ ойнау

Командалық ойындарда жүйелі тактика мен стратегияны көрсету

Бағалау критерийлері

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды

- Оқушылар топпен жұмыс жасайды, командалық бірлесу әрекеттерін жүзеге асырады;

 

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • тактика;
  • стратегия;
  • алдату қозғалыстары;
  • допты қуу;
  • допты тартып алу;
  • қарама-қарсы шеренга;
  • жүгіріп өту,
  • доп диагоналмен жалғанады.

Құндылықтарды дарыту

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Физика , Математика

 Акт қолдану:

Бұл сабақта АКТ қолдану жүзеге асырылмайды

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар. Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15-минут

Дайындық бөлімі: Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Қыздырыну жаттығулары және арнайы дайындық жаттығуларын орындату.

«Қағаз-Қайшы-Құдық» ойыны

Оқушылар екі топқа бөлінеді.Ортаңғы сызықтың екі жағына шығып , бір біріне қарама-қарсы турады.Әр топ өзінің командасымен ақылдасып,( қағаз-қайшы-құдық ) ,біреуін көрсетеді. Қарсы топта дәл солай көрсетеді.Қай топ жеңсе сол топ қашады.Жеңілген топ қарсы топты қуып жетеді

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

55-минут

(Б, Т, Ф) Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестіктер әрқайсысы өз қалқанының астынан қорғаныс аймағын құрады. Доп бірінші бестік ойыншыларында болады.

Мұғалімнің белгісі бойынша 1-бестіктің ойыншылары шабуыл жасап кәрзеңкеге лақтыруға тырысып, 2-бестіктің қалқанына шабуылдайды. 2-бестіктің ойыншылары допты қағып әкеткен сәттен бастап, олар тоқтамай, 3-бестіктің қалқанына шабуыл жасайды. Доптан айырылған 1-бестік 2-бестіктің орнында қорғаныс аймағын құрады. Допты иеленген 3-бестік 1-бестікке шабуылды бастайды және т.с.с. Допты лақтырған команда ұпай алады және қорғаныс аймағын құрады, ал ұтылғандар шабуылға шығады. Ойын 10-15 минут жалғасады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дискриптор

Қауіпсіздік ержесін сақтайды.

Тапсырма бойынша ойыншылар өз рөлін дұрыс орындайды

Топта бірлесіп жұмыс жасау

Ойында ұтымды әдістер қолданады

(Ж, К, Тәж) Баскетбол алаңының шектеуші сызықтарында толтырылған доптар бағаны болатын, ені 4-5 м бірнеше «қақпа» орнатылады. Әр «қақпаға» бір «қақпашыдан» қойылады. Олар оқушылар арасынан таңдалады. Қалған ойыншылар – «пенальти салушылар» - әр «қақпаға» бірдей бөлінеді және олардан 7-10 м арақашықтықта орналасады. Әрбір «пенальти салушы» допты алып жүру жылдамдығын және допты қолдан-қолға ауыстырып алдамшы қозғалыстар жасап, әр «қақпашыға» кезекпен «буллит» соғады, «бағандардың» бірін жарып шығып, оған бос қолын тигізуге – гол соғуға тырысады. Әрбір «қақпашы» «қақпалардың» жармаларында допты жүргізе қозғалып (қатаң сызық бойымен), оларға қол тигізбеуге тырысады, ол үшін шабуылдаушы «бағанға» қол тигізгенге дейін оның арқасынан ұру қажет. Допты қайта соғуға, яғни «қақпаны» қайта шабуылдауға рұқсат берілмейді. Жеңімпаздарды анықтау. Әрбір ойыншы әр қақпаға «буллиттерді» орындағаннан кейін «қақпашылар» мен «пенальти салушылардың» нәтижелі әрекеттерінің жиынтық саны есептеледі. Осылайша, әрбір амплуада үздіктерді анықтайды.

Дискриптор

- Қауіпсіздік ержесін сақтайды.

- Тапсырмаларды белсенді орындайды;

- Іс-әрекеттерде үйлесімді қозғалады, жаттығуларда дене қасиеттерінің маңызыдылығын анықтайды;

- Тапсырманы жетілдіруді сыни ойлауды (аяқ, қол қозғалыстары) түсінеді;

Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім үшін уақыт өлшегіш,ысқырғыш.

Баскетбол доптары.

Сабақтың соңы

10-минут

Сабақ соңында мұғалім оқушылардың осы сабақ кезінде не үйренгендерін және қандай қозғалыстың қиын немесе жеңіл болғанын сұрайды.

Ауызша сұхбат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз:бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Дене ептілігі і жоғары топ оқушыларына қиындатылған жаттығу түрін ұсыну

Оқушылар берілген тапсырмаға сай жұмыстануына байланысты және жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты бағаланады. Сабақ кезінде визуалды бақылау арқылы және сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы бағаланады.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тапсырма №1

Баскетбол алаңының шектеуші сызықтарында толтырылған доптар бағаны болатын, ені 4-5 м бірнеше «қақпа» орнатылады. Әр «қақпаға» бір «қақпашыдан» қойылады. Олар оқушылар арасынан таңдалады. Қалған ойыншылар – «пенальти салушылар» - әр «қақпаға» бірдей бөлінеді және олардан 7-10 м арақашықтықта орналасады. Әрбір «пенальти салушы» допты алып жүру жылдамдығын және допты қолдан-қолға ауыстырып алдамшы қозғалыстар жасап, әр «қақпашыға» кезекпен «буллит» соғады, «бағандардың» бірін жарып шығып, оған бос қолын тигізуге – гол соғуға тырысады. Әрбір «қақпашы» «қақпалардың» жармаларында допты жүргізе қозғалып (қатаң сызық бойымен), оларға қол тигізбеуге тырысады, ол үшін шабуылдаушы «бағанға» қол тигізгенге дейін оның арқасынан ұру қажет. Допты қайта соғуға, яғни «қақпаны» қайта шабуылдауға рұқсат берілмейді. Жеңімпаздарды анықтау. Әрбір ойыншы әр қақпаға «буллиттерді» орындағаннан кейін «қақпашылар» мен «пенальти салушылардың» нәтижелі әрекеттерінің жиынтық саны есептеледі. Осылайша, әрбір амплуада үздіктерді анықтайды.

Дискриптор

- Қауіпсіздік ержесін сақтайды.

- Тапсырмаларды белсенді орындайды;

- Іс-әрекеттерде үйлесімді қозғалады, жаттығуларда дене қасиеттерінің маңызыдылығын анықтайды;

- Тапсырманы жетілдіруді сыни ойлауды (аяқ, қол қозғалыстары) түсінеді;

Тапсырма №2

Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестіктер әрқайсысы өз қалқанының астынан қорғаныс аймағын құрады. Доп 2-бестікке бетпе-бет ерікті тәртіпте орналасқан 1-бестік ойыншыларында болады.

Мұғалімнің белгісі бойынша 1-бестіктің ойыншылары допты кәрзеңкеге лақтыруға тырысып, 2-бестіктің қалқанын шабуылдайды. 2-бестіктің ойыншылары допты қағып әкеткен сәттен бастап, олар тоқтамай, 3-бестіктің қалқанына шабуыл жасайды. Доптан айырылған 1-бестік 2-бестіктің орнында қорғаныс аймағын құрады. Допты иеленген 3-бестік 1-бестікке шабуылды бастайды және т.с.с. Допты лақтырған команда ұпай алады және қорғаныс аймағын құрады, ал ұтылғандар шабуылға шығады. Ойын 10-15 минут жалғасады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дискриптор

- Қауіпсіздік ержесін сақтайды.

- Тапсырма бойынша ойыншылар өз рөлін дұрыс орындайды

- Топта бірлесіп жұмыс жасау

- Ойында ұтымды әдістер қолданады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу