Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-әрекеттері. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


 Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

 

5-бөлім Шаңғы /кросс/ коньки дайындығы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-әрекеттері.

Оқу мақсаттары

7.3.1.1 өз денсаулығына салауатты өмір салтының тигізетін әсерін түсіну және түсіндіре білу

7.1.4.1 қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

Сабақ мақсаттары

  • Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-әрекеттерді қолдану;
  • Бір адымды және екі адымды жүріс техникасына үйрету.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

-Шаңғымен жүру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығуларын орындайдайды.

-Игерілген шаңғы жүрістерінің техникасын және бір жүрістен екіншісіне ауыстыралады;

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

  • төзімділік
  • күштік - жылдамдықты төзімділік
  • демалыс, жұмыс барысындағы кезіндегі жүрек соғысы, қалыпқа келу кезіндегі жүрек соғысы
  • Алма – кезек екі адымда жүріс

Талқылау үшін сұрақтар:

Белгілі бір әрекеттер үшін қандай ширату қимылдарын жасау керек?

  • Неге кейбір жаттығулар басқаларына қарағанда көбірек физикалық белсенділікті талап етеді?

Құндылықтарға баулу

Денсаулық – таза ауада шаңғы дайындығы арқылы денсаулықтарын шынықтыру.

Серіктестік – жаттығу орындау барысында бір-бірін сақтандырып, қолдау көрсету арқылы табысқа жетеді.

Әділдік – оқушылар бірін-бірі жаттығулар тізбегін орындау кезінде әділ бағалайды.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика

АКТ қолдану дағдылары

Алма кезек екі адымды жүріс техникасының дұрыс орындалуы туралы видео ролик

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сыныптарда техникалық тәсілдерді қолдануды үйренген.

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

10-минут

- Оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

-LED экран арқылы оқушыларға шаңғы спорты туралы жалпы мағлұмат бере отырып, шаңғы дайындығы кезінде оқушының киім үлгісімен таныстыру.

- Презентация арқылы шаңғының даму тарихы, отандық спортшыларымыздың жетістіктері мен қысқы спорт түрлеріне тоқталу.

Шаңғы құрал-жабдықтары

Сабақтың ортасы

10-минут

20 минут

20 минут

10 минут

№1тапсырма (Ж,К) Денені қыздыру жаттығулары:

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бой сергіту кешенін жасақтайды, ал екінші топ қозғалыс әрекетінен кейін ағзаны қалпына келтіру бойынша техника кешеніне жауапты болады. Тыныш жағдайдағы тамыр соғысын өлшейді. Бой сергіту мен қалпына келу техникасын көрсетеді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларынан кейінгі тамыр соғысын өлшейді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларының маңызын сараптайды. Тамыр соғысын жоғарылататын жатығулар туралы өз идеяларымен бөліседі.

2 тапсырма. (К, Б, ҚБ) Шаңғы дайындығы.

- Екі шаңғымен сырғанай отырып, бір қалыпты қимылмен екі таяқты да ілгері шығарады, салмақты аяқтың ұшына түсіреді.Осы жағдайда тізені аз ғана бүгіп, бір аяқпен сырғанай отырып екінші аяқты ілгері шығарып, осы аяққа салмақты салады, сонымен бір мезгілде таяқ қарға тіреле бастайды. Аяқты сермеудің аяқталар кезінде таяқтар сәл-пәл ілгері еңкейтілген жағдайда болады. Ақырында, шаңғышы екі таяқпен итеріп, кейін тұрған аяқты алғашқысының жанына әкеледі. Жүрістің бұл түрінде екі таяқ қатар, екі аяқ кезек-кезек серпіліп отырады.Шаңғымен бір мезгілдегі бір адымды жүрісті жазықтау төбелерден түсу арқылы үйренеді. Жаттығуды санау арқылы үйренуге де болады; «бір»-адымдап, таяқты шаншу, «екі»- қолмен итеру, «үш»- аяқты бірге ұстау. Қол және аяқпен қатты сермеуге, сілтейтін аяқты шапшаң екінші аяқпен біріктіруге назар аудару қажет.

Дескриптор:

-оқушы бір адымды жүріс техникасын қозғалу техникасын дұрыс орындап көрсете алады

ҚБ: өзін-өзі бағалау

3 тапсырма. (Ж, К, ҚБ)

Бір мезгілдегі екі қадамды жүріс

1. Қозғалуды бастауға арналған бастапқы қалып;

2. Аяқ бүгіліп тұрған қалыптан бір тез сырғанау қадамын жасайды, бұл сәтте екі таяқта ілгері шығып, дене түзулене түседі;

3. Екі аяқтың қалпы тез ауыстырылады. Таяқ жерге тірелген аяқтың жанына шаншылады;

4. Екінші сырғанай жасалған қадам аяқталған сәтте сермелген аяқ жерге тірелген аяққа жақындап, қол қозғалуға әзірленеді;

5. Сермелген аяқ жерге тірелген аяқтың жанына қойылған сәтте екі таяқпен бірдей итере екі шаңғымен сырғанау қозғалысы басталады.

Бекіту сұрақтары:

1. Қандай шаңғы жүрістерін білесің?

2. Шаңғымен жүру кезінде аса жиі кездесетін биікке көтерілу тәсілдері қандай?

3. Шаңғы тебу кезінде биіктен түсудің қандай тәсілдері пайдаланылады?

Критерийлер:

- шаңғы дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

- жаттығуды орындау кезінде аяқ пен қолдың үйлесімділігін сәйкес келтіреді;

Дескриптор:

-оқушы бір мезгілді екі адымды жүріспен кезектестіре қозғалу техникасын орындап көрсете алады

ҚБ: бірін-бірі бағалау

4 тапсырма (К,Т,) Кедергілері бар шаңғы эстафетасы

Қанша кедергі болса, әр командадан сонша адам шығады. Команданың әр қатысушысы өз кезеңінің басында тұрады. Ұстаздың сигналы бойынша бірінші кезеңде тұрған оқушы кедергілерден өту арқылы жарысты бастайды. Келесі қатысушыға жетіп, оған эстафетаны береді, осылайшы эстафетаның соңғы қатысушыны мәреге жеткенге дейін жалғаса береді.

Трассадан бірінші болып өткен және кедергілерден өту бойынша ережені бұзбаған команда жеңіске жетеді. Қорында жеңісі көр команда жеңімпаз аталады.

Кезеңдер ұзындығы 100-150м.

бір мезгілде бір адымды жүріс техникасына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=GBLJ3EAKZ3s

Екі адымды жүріс техникасына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=gSJNRd0WoQI&t=10s

Үлкен спорт алаңы. Секундомер, шаңғылар, арқандар, конустар, тақтайшадан жасалған қалқан, аққала.

Шаңғыдағы ойындар:

http://www.gomelscouts.com/estafeta-s-prepyatstviyami.html

Сабақтың соңы

10-минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын барлық білім алушылар қолдануын біледі деп жоспарлап отырмын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу