Қауіпсіздік ережесі. Арнайы дайындық жаттығулары. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары №

Келісілді

«Дене тәрбиесі» ӘБ жетекші

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Бөлім 5 – Шаңғы / кросс / коньки дайындығы

Күні: 17.01.2019

Сынып:

Мұғалімнің аты-жөні:

Кожабаев Н.Р.

Сабақ тақырыбы; Қауіпсіздік ережесі. Арнайы дайындық жаттығулары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.5.1.Жарақат алу себептері және олардың болдырмау әдістерін түсіну

 Сабақ мақсаттары

Арнайы дене дайындығы туралы қауіпсіздік ережесін біледі және сақтай алады.

Қозғалыс белсенділігіне байланысты қиындықтар мен тәуекелдерді сезінеді

Берілген тапсырмаларды орнымен орындайды

 Бағалау критериі

Оқушылар арнайы дене дайындығына әр-түрлі жаттығуларды жаттығуды біріктіріп орындауда қиындықтар мен тәуекелдерді жіктеп түсіндіре және көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Физикалық жаттығулар денсаулықты нығайтуға, төзімділікті дамытуға үлесін талдайды және көрсетеді.

Мыналарды қамтиды:

  • тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы
  • жүрек-тамыр жүйесі, дайындық күйінің компоненттері (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Физикалық жаттығулар сендердің көңіл-күйлеріңе және жақсы сезінулеріңе қалай әсер етеді?

Сендер жаттығуды орындаудың төменгі, орташа және жоғарғы қарқындылығы арасындағы айырмашылықты қалай түсінесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Жылдамдық-күш дайындығы мен төзімділік туралы білімдері мен дағдылары бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(20минут)

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру оқу мақсатымен,бағалау критерилерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже.

- оқушылар сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерін таныстырады және көрестеді.

- оқушылар өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады және әр түрлі арнайы физикалық жаттығуларды біріктіреді

Мұғалім оқушылармен қауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулық жүргізеді.

(ЖЖ) Мұғалім 1 минут стратегиясын жүргізеді.

Оқушылар жұптарда негізгі және арнайы дене дайындығы жаттығуларын талқылайды.

Оқушыларды өзара бағалау жүргізіледі

Оқушылар тамар соғыстарын тексереді.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтыңтаныстырады

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Тамыр моғысын тексеріп 10 сек оны 6 ға көбейтеді.

Сабақтың ортасы

(20 минут)

15 минут

(К, Ж) «Тапанша» аяқ бұлшық еттерінің күшін дамытуға бағытталған жаттығуы

– қабырғаға, терезе алдына, гимнастикалық қабырғаға қолмен тіреліп, бүйірмен тұру. Бір және баяқа аяққа кезекпен отыру. Отырулар саны бекітіледі.

(К, Б, Ф) «Кім дәлірек?». Сынып 4-5 топқа бөлінеді. Барлығы берілген қарқынмен бірдей қашықтыққа жүгіреді. Мұндай қашықтық 100-150 м болуы мүмкін. 100 м 5-6 рет, ал 150 м – 4-5 рет жүгіріледі. Жүгіру қарқыны оқушыларда шамадан тыс жағымсыз сезім туғызбайтындай болуы тиіс. Уақыт топтағы соңғы жүрігуші бойынша тіркеледі. Сондықтан жүрігушілерді әр ретте ауыстыру керек. Барлық оқушылардың осы рөлде болғаны маңызды. Берілген уақытқа барынша жақын уақыт көрсеткен топ бір балл, ал қалған клмандалар – алған орындарына сәйкес – 2, 3, 4 және т.с.с. беріледі. Барлық жүгірулерден кейін азырақ балл санын жинаған команда жеңімпаз атанады. Командалар кезекпен бастайды. Өз кезегін күту – жүгірулер арасындағы тынығу (2 минуттай). Жүгіріліп өтетін кесіндіні таңдау кезінде босы жағдайды ескеру қажет.

(Ж, К, Б, Ф) Оқушыларды сабақтың басында екі топқа бөліңіз. Оқушылар топтарда талқылап, ұсынулары үшін уақыт беру қажет: бір топ сабақта таңдап алынған қызмет түріне байланысты барлық бұлшық еттеріне ширату жаттығуларын, ал екінші топ сабақтың негізгі бөлігінде физикалық жүктемелерден кейін ағзаны қалпына келтіруге бағытталған жаттығулар кешенін өткізуі тиіс. Сабақтың соңында орындалған әрекеттерде ненің іске асқанын, немен жұмыс істеу керектігін талқылаңыз. Оқушыларға орындалған жұмыстың сапасын бағалауды ұсыныңыз.

(Ж, К, Б) «Өрмекшілер»

Оқушылар 2 командаға бөлінеді. Әрбір ойыншы келесі қалыпты қабылдайды: артта қолына тіреліп, жүре отырады, ал аяғы мен денесінің арасына доп қояды. Және осындай күйде жүргізушінің белгісі бойынша жалаушаға дейін және кері жүгіреді. Қашықтықты бірінші болып өткен команда жеңеді.

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім ысқырығы

Қажетті құрал-жабдықтар:

Уақыт өлшеуіш.

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Берілген тапсырмаларға қажетті спорттық құрал-жабдықтар.

Секундомер.

Кросс дайындығы бойынша интернет ресурс:

https://www.youtube.com/watch?v=YGedxnmVDtE&nohtml5=False

Сабақтың соңы

5 мин

VI. Рефлексия:

Тік тұрындар ойыны

Мұғалім оқушыларға ауызша рефлексия жүргізеді..

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар келесіге қабілетті: Арнайы дене дайындығы туралы қауіпсіздік ережесін біледі және сақтай алады.

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: гимнастикалық снарядтардағы арнайы 3 жаттығудан тұратын жаттығу түрін орындайды

Кейбір оқушылар келесіге қабілетті: барлық тапсырманы дұрыс орындап және де өз ойынан жаңа жаттығуларды біріктіріп орындай алады

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу