Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 7 сынып, қосымша материал.
Тақырып Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тоғызқұмалақ ойыны білім алушының зейінін және есте сақтау қабілетін арттыратындығын айтады
• Өзінің шығармашылық қабілетін ортада көрсетеді және өз ойын ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну қолдану
Тапсырма
Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Жастардың дене шынықтыру мәдениетімен қатар, ақыл ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Білім алушыларға тапсырма ретінде жұптарға бөліп, жұппен тоғызқұмалақ ойынын ойнатыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі екенін және оның ережесін сақтап ойнайды;
- есте сақтау қабілетін арттыратындығын айтады;
- өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?