Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 7 сынып, қосымша материал.
Тақырып : Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты 7.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
-Тоғызқұмалақ ойыны білім алушының зейінін және есте сақтау қабілетін арттыратындығын айтады
- Өзінің шығармашылық қабілетін ортада көрсетеді және өз ойын ұсынады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну қолдану
деңгейі
Тапсырма
Зияткерлік «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнаңыз.
Ойын кезінде қарсыласын жеңу мақсатында ойынға қарапайым тактикалық
әрекеттер құрыңыз. «Қазан», «Отау», «Тұздық», «Атсырау» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз. Әр отаудың аттарын тоғызқұмалақ тақтасы арқылы атаңыздар.
Мысалы:
1. отау - арт,
2. отау - тектұрмас,
3. отау - ат өтпес,
4. отау - атсыратар,
5. отау - бел,
6. отау - белбасар,
7. отау - қандықақпан,
8. отау - көкмойын,
9. отау -маңдай.
Дескриптор Білім алушы
- тоғызқұмалақ ойынын ережесімен ойнайды;
- тұздық алу мақсатын ұғынады және ойында қолданады;
- қарсыласын «атсырау» жағдайына дейін жеткізеді;
- ойында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады;
- 9 отаудың аттарын атап, ажыратады;
- төрелік ету ережелерін қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?