Қазақтың ұлттық ойындарындағы, өкпе тіршілік сыйымдылығының. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 24 сабақ.


«Бекітемін»

Дене шынықтыру кафедра

жетекшісі

_________ Қалқабаев Б.А.

«___ » 11. 2017 ж Сабақ жоспар № 24

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім

Қазақтың ұлттық ойындары Мектеп: ХББ НЗМ Алматы қаласы

Сынып; Күні. Мұғалімнің аты-жөні: Акешеев.А.И. Сабуров. Н.Ж Темірхан.Б.Т

7А 29.11.2017жыл

Қатысқандар саны: 7А _______

Қатыспағандар саны: 7А_______

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарындағы, өкпе тіршілік сыйымдылығының әсері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.1. Әділ ойындағы патриоттық сезімді көрсететін мінез құлықты түсіну және қолдану

7.1.4.2 Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі өкпе сыйымдылығы

Сабақ мақсаттары

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттай отырып, салт -дәстүрлерді бойына сіңіру.

Спорт жаттығуларымен айналысқанда, өкпе тіршілік сыйымдылық әсерін түсіндіру.

Кәсіби даму мақсаты:

Ойын жаттығулары арқылы , оқушылардың жылдамдығын дамыту.

Жеке жаттығулар арқылы, күш қабілеттерін дамыту.

Бағалау дескрипторлары:

  • Ұлттық ойындарда қауіпсіздік ережесін біледі.
  • «Асатаяқ» , «Сағат» ойынын ойнай алады.
  • Спорттық жаттығулар мен ойындар ойнағанда өкпе тірішілік сыйымдылығының әсерін түсінеді, біледі.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Бірнеше топқа бөлу ( бірінші және екінші,үшінші топ немесе түрлі-түсті қақпақшалар арқылы т,б)

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Қазақ ұлттық ойындарындағы өздерінің қозғалыс дағдыларын және стратегиялық ойлауын талқылай, салыстыра және талдай алады. .

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сағат, гимнастикалық таяқша, арқан.

  • Биологиялық құрал –жабдықтар және спирометр құрылғысы .
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
  • Сіз осы ойында шығып қалуыңызға не себеп болды?
  • Бұл ойында сіз қандай әсер алдыңыз ?

Құндылықтарды дарыту

 

Теориялық білімдерін жетілдіру, тәжірибелік қабілеттерін тәрбиелеу.

Отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық ойындарды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Биология тамыр соғу жиілігін өлшеу кезінде /6 секунд / оны 10 көбейтеді. Тыныс алу жолдары туралы мағұлматтар алады. Тарих ұлттық ойындар «Асатаяқ», «Сағат» түрлерімен таныс болып, ойнап үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Ұлттық ойындар : «Аса таяқ», «Сағат», «Арқан тартыс»

Зумба ырғақты би жаттығулары: https://www.youtube.com/watch?v=NztGhZJwBj0

Бастапқы білім

Сабақ алдында ең бірінші қауіпсіздік ережелерін қайталау, ойына түсіру. Теориялық білімдерін жеткілікті білуге тырысу. Оқушыларды жеке және топтық жұмыс жасау үйрету.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5мин

/1-2мин/

3мин

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу. Амандасу. Түгендеу.
  • Қарама –қарсы екі қатарға тұру.
  • Ұлттық ойындар бойынша сыни ойланту арқылы сабақ мақсатын ашу.
  • Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
  • Бағалау дескрипторларымен таныстыру.
  • Биологиялық қаңқа арқылы, жаттығулардың қай бұлшық етке әсер ететінін айтып өтеді.

- Қыздырыну жаттығу, «Зумба» биі дене буындарына

арналған.

Үлкен бос кеңістік. Әрбір топ үшін ойын аймағын белгілеуге арналған конустар

2 мин

Сабақтың ортасы

15-20мин

  • Сергіту сәті: «Молекула» ойынын ойнату арқылы оқушыларды топқа бөлу. /2,4,7/

Аялдама арқылы жаттығуларды жасау:

1-Аялдама: «Асатаяқ» ойыны

Оқушылар шеңбер құрып, оң қолдарымен гимнастикалық таяқшаны ұстап, сол қолдары артта , сағат тіліне қарай жүріп ойынды ойнайды. Асатаяқ ұстаған қолдарымен келесі ойыншының асатаяқғын ұстап қалу керек. Ойында асатаяқты ұстай алмаған оқушылар ойыннан шығып қалады. Ойыннан шыққан оқушы «Асатаяқ » ойыны туралы ментальді картаға сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

  • Аялдама: «Биологиялық мағұлматтар»
  • «Спорттық жаттығулар мен ойындарда ойнағанда өкпе тіршілік сыйымдылығы әсері»
  • Теориялық білім
  • «Спирометр» құрылғысы арқылы эксперимент жасау, өкпесінің тіршілік сыйымдылығын анықтау.
  • Сұрақ-жауап

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

  • Аялдама : «Сағат» ойыны .

Оқушылар шеңбер құрады. Мұғалім ортада, тұрып сағат тілін айналдырғанда оқушылар аяқтарына тигізбей секіріп өтулері керек. Аяқтарына тиген жағдайда ойыннан шығып қалады. Ойыннан шыққан оқушылар «Сағат» ойыны туралы ментальді картадағы сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

Топтық жұмыс: «Арқан тартыс » ойыны

Арқан тартыс ойынын спортзалда өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның ортасынан тең бөліп белгі жасайды. Белгінің екі жағынан бір жарым метрдей тағы белгілейді. Ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылардың саны 10 адамнан аспау керек.

Ойынның мақсаты – тартысқа түскен екі топ бірін -бірі тартып, жердегі орталық сызықтан сүйретіп өткізіп алып кетуі керек. Ойын оқушылардың бірлігін, коллективті іс –әрекетке тәрбиелейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

Ұлттық ойындар : «Аса таяқ», «Сағат», «Арқан тартыс»

Зумба ырғақты би жаттығулары: https://www.youtube.com/watch?v=NztGhZJwBj0

Сабақтың соңы

7-10мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушы аты –жөні

«Асатаяқ» ойыны

Биологиялық мағұлматтар

«Сағат» ойыны

Қоры

тынды

бағалау.

1

Талғат

2

Мағжан

3

Рамазан

4

Мадияр

5

Иманғали

6

Рауан

7

Дастан

8

Ермухамед

9

Айдана

10

Ақбота

11

Әсем

12

Баян

13

Алуа

14

Назым

15

Қазына

16

Амира

17

Сымбат

18

Айшенұр

19

Аружан

20

Рая

Оқушыларды бағдаршам әдісі арқылы бағалап, мұғалім керібайланыс береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Топтьқ жұмыстар арқылы

Көрсету арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұмыстары:

Оқушыларды дене дайындығына байланысты саралау.

  • Дене дайындығы қажет ететін оқушылар
  • Дене дайындығы жоғары оқушылар.
  • Құрал –жабдықтарға байланысты бөлу.
  • Сабаққа спорттық киімі жоқ оқушылар постер немесе презентация жасап қорғайды. /Ұлттық ойындар бойынша/

Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы «Бағдаршам» әдісі қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Стикерлер жинап, арқылы оқушы жұмыстары бағаланып, мұғалім керібайланыс берді.

(Т, Тәж, Ф)) жүзеге асырылды.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесін үнемі мұқият сақтау.

Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарға тиіспеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

7A Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу