Спорт ойындарындағы тактикалық іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

 Ұзақ мерзімді жоспар: 2 бөлімі – Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу

Күні:

Сынып:

Мектеп: НЗМ Ақтау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Спорт ойындарындағы тактикалық іс-әрекеттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.5.5 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру және бағалай білу.

 Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Қауіпсіздік ережелерді біледі

Шапшаңдыққа,ептілікке,тез шешім қабылдауға, төзімділікке тәрбиелену.

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: Оқушылар жұппен және топпен тиімді жұмыс істеп,қарапайым жаттығулар тактика -стратегиясын құрып талдап саралай алады Кейбір оқушылар келесіге қабілетті: Оқушылар ойындағы әр түрлі қозғалыс әрекеттерін біледі,күрделі жаттығулар комбинацияларын құрып бағалай алады.

 Жетістік

 критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

- Оқушылар Қауіпсіздік ережесін орындау туралы біледі

- Ойында жіберген қателіктерін саралайды және өз – өздеріне баға бере алады.

- Оқушылар жұпта және топта тиімді жұмыс жасап комбинациялар құрып орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

  • Оқушылар: ойындар олардың жеке де, сондай-ақ командалық та физикалық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру, әділ жұмыс жасауға бейімдеу сыныптасына деген көмек көрсету

 Пәнаралық

 байланыстар

Тілді дамыту, қарым-қатынас, талқы, зерттеу дағдылары. Сабақты физика

Геометрия пәнімен байланыстыру.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларға волейбол ойыны туралы видео көрсету Интернет

https://www.youtube.com/watch?v=qeXH9EBud0A

Бастапқы білім

Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10

Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру. Сергіту сәті: «Спорт түрін тап»

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

мұғалім үшін уақыт

өлшегіш ысқырық

Сабақтың ортасы

25

(С, Тәж, Т) Сынып екі командаға бөлінеді. Біріншісі еркін түрде волейбол алаңының бір жағына орналасады. Оқушылар алаңның екі жартысына екі-үш қатардан тұратын, қатысушыларының саны тең екі командаға бөлінеді. Әр команда волейбол добын алады. Белгі бойынша ойыншы тор арқылы допты беруді орындайды. Бірінші команданың кез келген ойыншысы допты қабылдап, өзінің серіктестерінің біріне беруі тиіс, ал ол – допты қағып алуы керек. Егер оны допты қағып ала алса, бірінші команда бір ұпай алады. Екінші команданың барлық ойыншылары допты беруді орындап болғаннан кейін, командалар орын ауысады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық

Сабақтың соңы

5

Жүрек соғысын тексеру.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Оқушылар,жаттығу барысында қателескен оқушылар саптан бір қадам алға шығады қатесін ортаға айтады,түзейді.Видео қайталау арқылы бір-біріне баға береді

Бос кеңістік,Түрлі түсті маркер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу