Спорт ойындарындағы тактикалық іс әрекеттер. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 11-12 сабақ.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 11,12 | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ Спорттық ойындағы техникалық әрекеттер. Күні: Мұғалімнің аты-жөні: : Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Спорт ойындарындағы тактикалық іс әрекеттер. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.3.1. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсету және тусіну. |
Сабақ мақсаттары | - Спорт ойындарындағы тактика мен стратегиялар әр-түрлі екендігі туралы ақпарат беру; - Спорт ойындарында әр-түрлі тактика мен стратегияларды қолдануға үйрету. |
Бағалау критерийлері | - Спорт ойындарында әр-түрлі тактика мен стратегияларды көрсете алады; - Спорт ойындарында әр-түрлі тактика мен стратегияларды тусіндіре алады. |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Ойын - олардың физикалық қасиеттерін дамытуға жәрдемдесетіні туралы өз түсініктерін сипаттай және көрсете алады. Пән лексикасы және терминология: Мыналарды қамтиды:
|
Құндылықтарға баулу | Азаматтық белсенді позицясы және отанды сүю. |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
Кілттік дағдыларды дамыту | Әр оқушы жұмысын орындағаннан кейін, анализ өткізіп, зерттеу дағдысын дамытады. |
Алдын ала білімі | Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар. | ||
Сабақтың барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | |
Сабақтың басы 10 минут | (C, К) Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін волейбол туралы мәліметтерді сұрайды. Сүрақтар:
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды «Спорт ойындарындағы тактикалық іс әрекеттер». Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. (Б) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Үлкен бос кеңістік. | |
Сабақтың ортасы
| (С,ҚБ.) Командалар екі, үш немесе одан артық шеңбер түзіп орналасады. Әрбір шеңбердің ортасына қолына волейбол добын ұстаған ойыншы (орталық ойыншы) тұрады. Әрбір команда қарсылас команданың ойынын бақылайтын бір адамды таңдайды. Белгі бойынша орталық ойыншы рет-ретімен өз шеңберінде тұрған оқушыларға допты кез келген беру тәсілмен жібереді. Ол жауап беруді орындайды. Кезектілікті сақтап, шеңберде тұрғандардың барлығы берілістерді орындайды. Егер ойын аяқталғанға дейін орталық ойыншы допты барлық ойыншыларға беріп үлгерсе, ол доп берілісін екінші қатармен орындайды. Содан кейін орталық ойыншылар ауысады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
(С,ҚБ.) «Тор арқылы екі доппен». Оқушылар алаңның екі жартысына екі-үш қатардан тұратын, қатысушыларының саны тең екі командаға бөлінеді. Әр команда волейбол добын алады. Мұғалімнің ысқырығы бойынша допты тор арқылы қарсыластың жағына лақтырады. Допты лақтыру бір жақта бір уақытта екі доп болғанға дейін жалғасады. Ысқырық беріледі, ойын тоқтайды және өз жағына екі доп түскен команда басқа командаға бір ұпай жеңіледі. Доптар командаларға қайтарылады және оларды қайта лақтыру басталады (белгі бойынша). Алғаш болып 10 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Одан соң мұғалім оқушылардан сұрайды. Не орындай алдыңдар? Не рныдай алмадыңдар Неге орындай алмадыңдар? Не көмектесті орндаған кезде? Мұғалім әр оқушыны бағалайды диолог арқылы. | Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық. Ойын алаңындағы тактикалық әрекеттер бойынша ресурсқа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=qeXH9EBud0A Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық. Ойын 7-9-сыныптар үшін қозғалыс ойындарының ресурсына сілтеме: | |
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | |
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Шеңбердің сыртындағы оқушыларға допты бірден екі қолмен жоғарыдан, төменнен қабылдап қайтаруды орындай алмаса, қағып алып, лақтыру арқылы орындатуды жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларды шеңбердің ортасына жиі қоямын және допты қабылдаған кезде өзінің үстіне бір рет допты көтеріп, одан кейін әріптесіне қайтаруды ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Келесі сұрақтар қойылады: Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | |
Сабақ бойынша рефлексия
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?