Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 7 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
2-бөлім Командалық спорттық ойындар
Сабақ тақырыбы: Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс – әрекеттер.
Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдіңболуы баскетболшыныңдене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Баскетболшылардың тәсілдік дайындығынсатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қоданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.
Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.
Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке –жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн , бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады [1].
Допты қағып алу – доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзү еркін созу керек.Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғанақағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолдыдопқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.
Түзу сызық бойымен жүгіргенде, сол аяқпен итерілгеннен кейін бір кең қадам жасалады да жүгіруді жалғастырады. Мұндай қадамды алдын ала дайындаған дұрыс болады.
Допты саусақпен итерілгеннен кейін, екі кең қадамды қатарынан жасалынады. Жоғарыдан төменнен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай жоғары төмен созылуы керек. Троектория бойынша доппен амартизация қимылдары жасалады [2].
Қарсыласкомандаларының негізгі мақсаты: орын алмастырулар, әперулер айла қимыл сериалары арқылы ойыншылардың бірін лақтыруға ыңғайлы жерге шығарыпқарсылас торына допты дәл түсіріп ойнау.
Допты торға лақтырарда ойыншыдан бұлшық ет күшін дәл есептепқол, дене, аяқ қимылдарын сәйкес келүі талапетіледі. Кеүдеден екіқолдап лақтыру түйін тәрізді жалпы беруден кейін допты шапшаң жүмсақ лақтыра отырып қажеттітраеокториябойынша торға түсіру.
Екі қолдап жоғарыдан лақтыру, көп жағынан алғанда лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғарыұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға қарай бағытталады. Лақтырудың бұл түрін секіріп жасағанда айрықша тиымды себебі, доптың жоғары болуы оның ұшып бара жатқанда ұстап алуды қиындатады. Иықтан бір қолмен лақтырғанда дайындық қимылдарымен аяқпен жұмыс Істру сипатына қарай кеудеден екі қолмен лақтыру түріне ұқсас.
Бастан бір қолмен лақтырғанда орындауда доп қолдың бірінің саусақтарын ұстап тұрады. Бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолмен лақтырғанмен бірдей.
Секіріп лақтыру – қазіргі заманға баскетболданмаңызды және тәсілдік жағынан ең ауыр түрі. Мұны секіруді лақтырумен үйлестіру керек. Лақтыруда бастапқы қалыпты қабылдаудың екі амалы бар.
Ойыншы допты жоғарыдан лақтыру үшін бірден оны бастапқы қалыпқа әкеледі, сосын итеріле секіріп ең жоғары нүктеге допты нысанаға қарай жібереді.
Ойыншы допты қағып алып бірден жоғары қарай секіреді де қолды сілтеп допты бастапқы қалыпта әкеледі. Сосын лақтыруды орындайды.
Мұны мынадай жаттығулар арқылы орындауға болады:
Биікке секіріп қолмен лақтыру жасағандай қимылдар орындау.
Дәл осыны тек қолына допты ұстап жасау.
Допты алаңға ұрып жіберіп алға бір қадам жасап алып оны ұстап алып аяғын бүгіп бастапқы қалыпқа келу [3].
Жақын қашықтықтан лақтыру, секіру арқылы жасалады. Бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да екінші қадам жасапитеріле секіреді. Жоғары ұшып бара жатып секіруші аяқпен алға – жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуіш аяққа қарай түсіреді. Секіргенсәтте допты қолмен шығара көтеріп ең жоғарғы нүктеде лақтыруды орындайды. Қозғала жүгіріп доп лақтырудан мынандай жаттығулар арқылы орындауға болады.
Жаттықтырушы допты қолын алға созып ұстап, ойын лақтыру сызығында тұрады. Айналысушы қалқанға жүгіріпкеліп бір қадам жасап допты жаттықтырушыныңқолын сүріп, сосын тағы бір қадам жасап лақтыруды орындайды.
Дәл осы кезде жаттығушы айналысушы допқа ие болар сәтінде оны жай ғана вертикаль күйде лақтырады. Бұл допты қолданалмай қағып алу үшін жасалынады.
Дәл осы,лақтыру қарсыкеле жатқансеріктіңәперуі арқылы жасалады.
Баскетболшы қолданыстың мынадай түрлерін қолданады , кәдімгі жүріс, жүгіру , қосалқа қадамдап айналулар мен бұрылулар. Әрбір амал допты әперу және басқа қолданыстар үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында лайықты жағайларға қолдануы. Көбінесе қозғалыс жылдамдылығын шапшаң ауыстыру бір қолданыстан екіншісіне күрт ауысулар қолданылады сондықтанда шұғылданушылар үнемі жағдай талап ететін қандайда болса тәсілдерді орындауға дайын болатындай күйде болулары керек.
Жүгіруді жетілдіре отырып баскеболшы алдымен де артымен де бағытты, жылдамдықты өзгерте отырып , сонымен бірге шапшаң жүгіре алуы керек екендігін есте сақтау қажет, осы мақсатта төмендегідей жаттығуларды үнемі қолданған жөн.
Түзү сызық бойымен аяқты өкшеден ұшына қарай сырғанай отырып жүгіру, және оны жұмсақ еркін болуына үнемі бойлап отыру .
Бір орында тұрып жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу.
10-15 метр кедергіден жүгіріп өту
Алдағы жүгірушінің ізімен жүгіру.
Секірулер барлық қолданыстарды орындауда қолданылады, олар бір немесе екі аяқпен жерден итерілу арқылы бір орында немесе қозғала жүріп жасалуы мүмкін секіруді жетілдіре отырып биіктігін арттыру керек , тіреусіз жағдайдағы қимыл үйлесімділігін жақсарту керек, ал бұл қандайда болмасын қолданысты орындауға мүмкіндік береді, бұл үшін төмендегідей жаттығуларды жасату қажет.
Бір орыннан жоғары – алға, артқа, жанына секірулер, дәл осыны 900 және 1800 бұрыла отырып жасау;
Тереңге секіруді қарқанды түде жоғары қарай секірумен ауыстыру ;
Жоғары қарай секіріп түсу;
Жүгіріп келіп бір аяқпен итеріле секіру;
Бұрылулар – орнында тұрып және қозғалыста жасау.
Бірінші және екінші жағдайда да дененің салмағы түгелдей бір аяққа түсіріледі де, бұрылу сол жаққа қарай жасалады. Бұрылудың екі амалы бар: алға немесе артқа. Алға қарай бұрылғанда, баскетболшы бетін бұрып тұрған жаққа қарайауысады, ал артқа қарай бұрылса ол арқасын берген жаққа ауысу. Бұрылуларды үйрету және жетілдіру үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады.
Баскетболшы тұрысымен тұрып өз бетінше алға және артқа қарай бұрылыстар жасау.
Шеңбер бойынша біріншісі – екіншісіне қарай жүгіреді де, оның дәл алдына келіп күрт бұрылады.
Қабырғаға ұрылған допты қағып алып, артқа бұрылып допты бекітілген белгіге дейін алып жүру.
Ойында кеүдеден екі қолмен және бір қолмен әперу кеңінен таралған. Ойын ішінде кездесетін екі қолмен әперу қолданысы жиі пайдаланады, оның артықшылығы бастапқы қалыпта доп қарсыластан қауіпсіз жерге екі қолмен ұсталып тұрады, екіншіден әперудің бұл түрі нақтыда сенімді оны бір орында тұрыпта қозғалыста да орындай беруге болады.
Баскетбол туралы тест сұрақтары
1. Баскетбол ойынының олимпиада ойындарына енгізілген жылы?
2. Баскетбол әдісімен өткізілетін ойын түрі?
3. Баскетбол сөзінің мағынасы?
4. Баскетбол ойынындағы козғалыс тәсілдері?
5. Баскетбол ойынында пайдаланылатын қозғалыстың табиғи түрлері?
6. Баскетбол ойыны әрекеті, ойыншылардың ойын барысын бастауы?
7. Баскетбол аланындағы үш ұпайлық аймақтың радиусы?
8. Баскетболда әдейілеп жасалған айып (фол)?
9. Баскетбол ойыны әрекеті, ойын үстінде командалық үзілісті алу мүмкіндігі?
10. Баскетбол ойыны себет торынының жалпы ұзындығы?
Жауабы:
1. 1936 ж
2. Бекініс қорғанысы
3. Basket — себет, Ball — доп
4. допты алып жүру, допты жұлып алу, секіріп допты лақтыру
5. жүріс, жүгіріс, секіру, лақтыру
6. ойынды карсылас екі ойыншы ортаңғы шеңбер ішінде допқа талас арқылы ұтып алады
7. 6 м 25 см
8. бір уақытта екі ойыншының бір-біріне жасаған іс әрекетгері
9. әр кезеңде екі рет
10. 40 см
Интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=uCtkz8AK5R8
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?