Қауіпсіздік техникасы. Спринттік жүгіру және мәре. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Командалық спорт ойындарындағы өзара әрекеттестік

Мектеп: ФМБ НЗМ Қостанай қаласы

Күні: 12.10.2018

Мұғалім аты-жөні: Еришев А.К.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік техникасы

Спринттік жүгіру және мәре

Оқу мақсаты:

7.1.1.1 Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану

Сабақ мақсаты:

 

1.Білімділік Баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар кешенін үйрету.

2.Денсаулық сақтау жылдамдық, қимыл үйлесімділігілі, иеімділік және күш сапаларын дамыту.

3.Тәрбиелеу еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, тәртіпке тарту.

Бағалау критериі

Қауіпсіздік техникасын біледі. Жүгіру барысында жарақаттан өздерін сақтанырады. Ойында түрлі спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Тілдік мақсат:

Мыналарды қамтиды:

  • Пас, Pass,
  • Мяч, Доп, Ball,
  • Удар, Соққы, Hit,
  • Нападение, Шабуыл, Attack,
  • Защита, Қорғаныс, Protection,

 Құндылықтарды

арттыру:

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

Нақты оқу

Спорттық ойындардағы әрекеттер мен міндеттерді ажыратып, қандай рөлдерді көрсету керектігін үйренеді.

Пән аралық байланыс:

Физика, Биология, АӘД.

АКТ қолдану дағдылар

Бейне жазба қарау, ғаламтордан допты қабылдау, соққы жасау жазбасын қарау

Алдыңғы білім

Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтық басталуы- шақыру

15 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру.

Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.

Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыны салу жаттығуларын орындау.

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушылар шеңбер жасап бір орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындайды. Әр оқушы екі жаттығудан көрсетеді. Жаттығуда қателік жасаса, оқушылар

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы - ойлану

60 минут

1. (С,Ф) Топтағы оқушылар бір оқушының басшылық етуімен арнайы жүгіру жаттығуларын орындайды.

Арнайы жүгіру жаттығуларының кешені.

1.Өкшеден аяқтың ұшына басып жүгіру

2. Жамбасты көтеріп жүгіру.

3. Қол белде,аяқты алға созып жүгіру.

4. Қол белде, аяқты артқа созып жүгіру.

5. Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

6. Аяқты қиылыстыра жүгіру.

7. Сирақты сілтеп жүгіру.

8. Бір орында секіру

9. Сол аяқпен секіру

10. Оң аяқпен секіру

11.Арқанмен алға қарай бағыттап жүгіру.

2. Допты меңгеру бір қолмен, екі қолмен ұстауды үйрету. Алаңда ауысу тәсілдері: жүру, жүгіру, секірулер, тоқтаулар, бұрылуларды жетілдіру.

Допты жүргізуді үйрету:

Допты бір орында соғу.

Допты оң қолмен жүргізу.

Допты сол қолмен жүргізу.

Оң ,сол қолмен жүргізу.

Оң жақпен сол қолмен

Сол жақпен оң қолмен.

3. Допты бағыт өзгертіп жүргізу.

Айнала

Жыланша

Спорт зал белгісіне сәйкес.

4. Допты себетке салу.

Допты жұптасып беру.

Допты соқпай екі қадам жасап себетке қиғашынан салу.

Допты жүргізіп екі қадам жасап себетке сол жағынан салу.

Допты жүргізіп екі қадам жасап себетке оң жағынан салу.

Допты жүргізіп екі қадам жасап себетке тігіннен салу.

Дисериптор:

1. допты жүргізу.

2. допты әр-бұрыштан шығыршыққа тастау.

5. (К, Г, Ф) Оқушылар интернет қорларды пайдаланып «Стритбол» ойынының ережелерін іздейді де сол ережелермен танысады. Командаларға бөлініп, баскетбол алаңының жартысында ойнайды. Жеңілдетілген ереже бойынша стритбол ойының ойнау.

Дискриптор:

1. жұпта қозғалыс арқылы доп беру.

2. допты жүргізіп себетке тастау.

3. айла тәсілдерін қолданады..

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Ноутбуктар ойын комбинацияларындағы шабуыл мен қорғану тәсілдерін көрсету үшін

https://www.youtube.com/watch?v=Mdad2Hhxg-A

Сабақ соңы –рефлексия

5 мин

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз неғұрлым қолдау көрсетуді қалай іске асырасыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардыңң материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету,мақтау мадақтау.

Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып,жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.

Өтілген сабақтың қортындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.

Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.

Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты жоспар бойынша нақты қойылған.

Қойылған оқу мақсатына сабақ соңында барлығы қол жеткізді.

Сабақ соңында саралау міндетті түрде жүргізіліп,сабақ қортындыланды.

Кіріспе бөліміне 10мин, негізгі бөлім 25мин, қортынды 5мин регламент сақталды.

Ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.

2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу