Секіру дағдылары. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 5,6
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ 1 бөлім – Жеңіл атлетика Мұғалімнің аты-жөні:
Күні: Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Секіру дағдылары |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.3.1. Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсіну және көрсету |
Сабақ мақсаттары | Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсіндіру және көрсету |
Бағалау критерийлері | Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін түсінеді. Дене қасиеттерін жетілдіру үдерісін көрсете алады. |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары жайлы өз білімдерін салыстыра және көрсете алады Мыналарды қамтиды:
|
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. |
Алдын ала білімі | Оқушылардың алдыңғы сабақтарда, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте меңгерген жеңіл атлетика туралы білімдері мен дағдыларына ие. |
Сабақтың барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған қызмет | Құралдар | ||
Сабақтың басы 10 минут | Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек: - оқушылардың зейінін қоюына; - оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ - оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау. (Б) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. (ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды. | Барлық жаттығулар үшін үлкен, таза алаң | ||
Сабақтың ортасы 25 минут | (С,Т,ҚБ) Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырмаларды орындайтын шағын топтарға бөлу. 1. Жылдам жүгіру кезінде әр бес қадамда итеріліп, «адымдап» секіруді орындау (5-6 рет). 2. Тізені кейдеге тартып, кедергі арқылы орнынан тұрып секіру (5-6 рет). 3. «Отырған» күйінде қонуымен орнынан тұрып жоғары секіру (мысалы, гимнастикалық мат) (5-6 рет). 4. Дәл осы жаттығу алты-сегіз жүгіру қадамымен (5-6 рет). 5. Қону орнына жақын орналасқан кедергі арқылы бес-алды қадам жүгіріп келіп секіру (5-6 рет). 6. Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет). 7. Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет). Топта оқушылармен секіру дағдыларын жақсарту үшін ұсынылған тапсырмалардың қайсысымен тағы жұмыс істеу керектігін талқылаңыз. Тапсырмаға дескрипторлар:
| Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор, секунд өлшегіш. Жаңадан бастаушылар үшін жүгіру әліпбиі: Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. Секунд өлшегіш | ||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
| Стикерлер, маркерлер, қаламдар. | ||
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Берілген жүгіру тапсырмасын орындау кезінде қиындық туған оқушыларға демді қалыпқа келтіріп, демалу үшін 30 секундтай уақыт беріп, қайта жалғастыру арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға қашықтықты 200-300 метрге ұлғайтуды ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Мұғалім келесі сөздерді қолданады: «Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!» Сұраңыз: - Әр түрлі арақашықтықтарға жүгіру біздің ағзамызға қалай әсер етеді? - Сіздер топтық жүгіруден кейін өздеріңізді қалай сезінесіздер? | Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру. | ||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету Ф = формативтік бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?