Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 102 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.
Оқу мақсаты: 6.3.1.1. Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу
Сабақтың мақсаты: Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білуге үйрету
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
- Сабақтың ортасы.
Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады
Жеңіл атлетика
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
- Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
- Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
- Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
- Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
- Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
- Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
- Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
- Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
- Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
(Т, Ж, ҚБ) Алаңның қақ ортасына сызық жүргізіліп, оған 10 қалашық қойылады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді, беттерін ортаға қаратып, алаңның жақтау сызығында орналасады. Бір топқа теннис доптары беріледі. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар үйренген әдіспен доптарды лақтырады да, қалашықтарға тигізуге тырысады. Тиген жағдайда командаға 1 ұпай беріледі. Әр топ допты 3-5 рет лақтырып болғаннан кейін, нәтижелері саналып, жеңімпаз анықталады.
(С, Ж, ҚБ) Осыдан кейін кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен техникасының орындалуы түсіндіріліп, көрсетіледі.
Үйренген әдіс бойынша оқушылар екі топқа бөлініп, алаңның екі шетіне орналасады. Өздерінің саптарындағы оқушылармен арақашықтықтары 3м, ал қарама қарсы тұрғандарынан 15-20м арақашықтықта орналасады да, мұғалімнің белгісі бойынша доп лақтыруды орындайды. Тапсырманы орындар болған соң талдау жүргізіледі.
Лақтырудың негізгі əдістері мен түрлері.
Лақтыру – бұл снариядтың жермен ауа арасында ұшу амалы. Жеңіл атлетикада лақтыруда негізгі түрлеріне жататындар: ядро итеру, диска, найза жəне балға. Қосымша түрлеріне жататындар: мектеп бағдарламасында бар кіші доп, гранат.
Лақтырудың мақсаты – жарыстың ережесін бұзбай, спорттың снарядтарды алысқа лақтыруға тырысу. Барлық снариядтарды алысқа лақтырады, оларды лақтыратын белгілі орын жəне түсетін аймақтары болады. Кіші доп пен гранатта аймақтың аймақтың ені 10 метрге тең, дискіде, балғада жəне ядрода сектордың бұрышы 40о-қа тең, ал найза лақтыруда 29о-қа тең болады. Снарядтың алысқа ұшуы біріншіден бастапқы жылдамдыққа жəне шығу бұрышына байланысты болады. Ыңғайлы болу үшін лақтырудың əдістерін келесі сатыларға бөледі: снарядты ұстап көру, екпінді жүгіріс, лақтыруға дайындық, соңғы күш салу, снарядтың шығуы жəне ұшуы.
Снарядты дұрыс ұстау барлық қозғалысты үлкен жылдамдықпен жəне не күш салып еркін орындау.
Дұрыс ұстау лақтырушыға жалғастыруға мүмкіндік туғызу, күш салуға, үлкен жолда керек бағытта сонымен бірге үлке жылдамдықта.
Екпінді жүгіріске дайындық жəне екпінді жүгіріс. Бұл сатының мақсаты – миға хабар беру,
«лақтырушы-снаряд» жай бастапқы жылдамдықпен басталады. Жай бастапқы жылдамдық, қазіргі уақытта сондай жылдамдық спортшы ақырғы күш салуды орындағанда өзінің қозғалыс жағдайын бақылай алатын жылдамдық. Лақтыруда екпінді жүгіріс бірмезгілде үнемі қозғалыста орындалады. (доп, гранат, найза, ядро) басқа түрлерінде айналмалы үдемелі қозғалыспен
орындалады (дискі, балға, ядро) Бірінші түрлерінде жүгіру немесе секіру арқылы ал екінші түрлерінде айналу арқылы орындалады.
Ақырғы күш салуға дайындық. Бұл сатының мақсаты – снарядтың артық қозалысын жоғалту. Кейбір дене буындарының жылдамдығына, дененің барлық бұлшық еттерін созуға, кезектесіп жиырылуына мүмкіндік береді. Снаряд сондай жағдайдан өту қажет, шығу нүктесінен үлкен қашықтықта қалады.
Ядро 39о-40о Дискі 39о-40о Найза 28о-31о
Ақырғы күш салу. Бұл сатының мақсаты – снарядтың өте үлкен жылдамдықпен шығуын хабарлау соның ішінде ауада жай бұрышпен дұрыс жағдаймен ұшуын қадағалау. Бұның мақсаты жылдамдықтың есебімен қатал дене бұлшық еттерінің кезекпен жиырылуымен соның ішінде ең бірінші аяқ бұлшық еттерімен орындалады. Ақырғы күш салу жерге сол аяқты қойған кезден басталады. Жүгірудің маңызы зор, жүйелі түрде оң аяқты жазу, жамбасты оң жаққа алға қозғау. Бір уақытта сол аяқ жасайды сол кезде қозғалыстың жүйесі лақтырушы мен снаряд жоғары ұмтылады.
Барлық лақтыруда бастапқы ақырғы күш салуда жамбас алға шығады оның қозғалысы иықтың қозғалысынан алда болады.
Снарядтың шығуы жəне ұшуы лақтырушы снарядты жібергенде, лақтырушының күші снарядтың ұзақ ұшуына мүмкіндік туғызу керек. Снарядтың алысқа ұшуы аэродинамикалық құрылысты қажет етеді. (дискі, найза). Жоғары шығуынан басқа сөреден шығу жылдамдығы, күштің снарядқа тигізер əсеріне бастапқы жылдамдықпен шығуы атмосфералық орталық жағдайына да байланысты болады (қарсы немесе бағыттағы жел). Дискі мен найза ұшқан кезде айналу жағдайын ұстауы.
Өсу кезеңінің барлық сатыларында да лақтыру – жалпы даму үшін, бұлшық ет жүйелерін нығайту үшін, əсіресе иық белдеуі мен қолдарындамыту үшін ең пайдалы, қажетті жаттығулардың бірі. Сонымен қатар лақтырудың бағдарлауды, ептілікті, көзбен өлшеуді, кеңістікті сезуді, шапшаңдықты, қажырлы күш жұмсауды жəне басқа да жалпы қимыл үйлесімділігін жетілдірудегі маңызы зор.
Тез сілтеп лақтыруды қалыптастыру үшін кішкентай допты (теннис, жай допты, хоккей добын) нысанаға жəне қашықтыққа, сондай-ақ еденге соғып барып, биікке ұшырта, қабырғаға соғып барып, алысқа ұшырта лақтырып жаттығу ең жақсы тəсіл болып табылды.
Допты бір орында тұрып та, жүріп те жəне жүгіріп, екпін алып та лақтыруға болады. Мақсат – лақтырғанда еркін жəне тез сілтеуді қалыптастыру. Бұлайша сілтеуді лақтыратын заттың (снарядтың) салмағы өз күштерің мен жылдамдық мүмкіндіктеріңе сай болғанда ғана орындауға болады. Сондықтан кіші допты лақтыру техникасын жақсы меңгергеннен кейін ғана, снарядтың салмағын ұлғайтуға өте-мөте ұқыпты қарап, бірте-бірте салмағын арттыруға болады. Өйткені снарядтың салмағы жас балалардың мүмкіндігіне сай келмейтіндей, ауыр болса, онда оны тез сілтеп лақтыру былай тұрсын, оның денеге əр түрлі зақым келтіруі мүмкін əрі ауыр снаряд қимылды тежеп тастайды.
Əр түрлі жастағы балалар үшін лақтыруға тиімді деп саналатын
снарядтардың салмағы:
Лақтыру түрлері 12-13 жас14-15 жас
Ядро250 г.300-350 г.
Граната350 г.490-500 г.
Найза2 кг.3 кг.
Осындай снарядты пайдалана отырып, лақтыру қимылдарының дұрыстығы мен шапшаңдығын қалыптастыруға болады.
Гранатаны бір орында жəне жүгіріп келіп лақтыру.
Жоғарыда аталған снарядтардың ішінен гранатаны лақтыруды қарастырайық. Гранатаны бір орында тұрып та, жүгіріп келіп те лақтырады. Бір орында тұрып лақтыру жүгіріп келіп лақтырудан гөрі нысанаға дəл тигізуді қамтамасыз етеді. Ал жүгіріп келіп лақтыру гранатаның алысқа ұшуына көмектеседі.
Лақтырудың ең көп тараған əдісі арт жақтан, иықтан асыра лақтыру болып табылады. Лақтырудың бұл əдісі əдеттегі тас лақтыру сияқты. Граната лақтырғанда, қол тас лақтырғандағыдай, дененің бір жақ жанымен иықтан аса өтеді, айырмашылығы, міне, осында. Гранатаны да кіші доп секілді алысқа жəне нысанаға лақтырады. Осы екі əдіспен лақтырғанда олардың лақтыру техникасы бірдей. Гранатаны дұрыс ұстау, оны алысқа лақтыруға көмектеседі жəне нысанаға лақтырған кезде де мұның маңызы зор.
Гранатаны бір орында тұрып лақтыру. Гранатаны жоғарыда көрсетілген тəсіл бойынша ұстап, лақтырудың бастапқы қалпында тұру керек.
Гранатаны оң қолмен лақтырғанда лақтыратын бағытқа сол иығын беріп, екі аяғын сəл алшақ қойып тұрады. Осы қалыпта тұрғанда сол аяқты аздап артқа қарай жылжытып қою керек, бұл аяқтың ұшы оң аяқтың өкшесімен бірдей сызықта болуы керек. Сөйтіп, лақтыру алдындағы қалыпта тұру керек. Бұл жағдайда оң аяқтың табаны жерге түгел тиіп тұрады. Лақтыру алдындағы бастапқы қалыптан гранатаны тез жəне аяқ пен кеудені бір мезгілде лақтыратын жаққа қарай иіп, аяқтың ұшымен лақтыратын жаққа бұрылып, оң санды алға шығарып лақтыру басталады. Лақтыру оң иықты тез алға қарай шығарумен жəне оң қолды иықтан асыра, гранатаны өте шұыл сермеп лақтырумен анықталады.
Гранатаны ұстаған қолды иықтан асыра лақтыруға көп көңіл бөлу қажет. Гранатаны ұстаған қолды иықтан қашық, бір жақ жанмен сілтеу өрескел қате болып табылады. Ондайда лақтырушы көбінесе лақтыратын қолының шынтағын шығарып алып, зақымданатын болады. Гранатаны лақтырып болған соң, лақтырушы оң аяғымен үлкен адым жасайды, сонымен қатар сол аяғына дененің салмағын түсіреді. Осылай адымдап аттауының арқасында лақтырушы өзін шектеулі сызықтан аттап өтуден сақтап қалады.
Гранатаны жүгіріп келіп лақтыру. Жүгіріп келіп лақтыру – едəуір алысқа лақтыруға көмектеседі, екінші жағынан қиындығы да бар. Сондықтан жүгіріп келіп лақтыруға бір орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін көшу керек.
Лақтыру үшін онша қатты жүгірмесе де болады, өйткені қатты жүгірген сайын гранатаны ойдағыдай лақтыруды орындау қиындай түседі. Жүгірген жердің ұзындығы 8 қадам болады, оның алғашқы төрт қадамы (бастапқы белгіден бақылау белгісіне дейін) бастапқы жəне қорытынды (бақылау белгісінен кейінгі сызыққа дейін) белгілер болып бөлінеді.
Бетті гранатаны лақтыратын жаққа беріп, гранатаны оң қолды бүгіп, шамамен алғанда, иектің тұсына ұстап, лақтырушы жүгіруді сол аяқпен бастайды. Жүгіру қарқынын бірте-бірте үдете түсу керек.
Бақылау белгісіне оң аяғы тигеннен кейін лақтырушы жүгіру екпінін тоқтатпастан, қолды артқа қарай сілтеу арқылы лақтыруға даярлық жасай бастайды. Бақылау белгісінен кейінгі бір қадам (сол аяқпен) кезінде граната төмен түсіріледі, келесі қадамда граната артқа қарай жіберіледі, екінші қадам кезінде иықты оңға қарай бұру керек, келесі қадамда (бақылау белгісінен кейінгі үшінші қадам) граната ұстаған қол аздап бүгіліп, дененің арт жағына жоғары көтеріледі. Лақтыру бір орында тұрып лақтырған сияқты осы жерден басталады.
Граната лақтыру техникасы үйренудегі жүйелілік. Бастапқыда гранатаны дұрыс ұстаудың тəсіліне үйрену керек. Содан кейін бір орында тұрып, тік нысанаға тура, жайлап лақтыруға кірісу керек. Нысанаға лақтыру қимылды дұрыс орындауда бақылауға жеңіл болады. Нысанаға лақтыруға үйренудің алғашқы кезеңінде лақтырылатын жаққа қарай кеудені беріп тұру керек, сол аяқ біраз алға шығарылсын. Дене салмағы бұл кезде (лақтыру алдында) көбіне оң аяққа түседі. Міне, осы қалыптан гранатаны лақтыру керек. Гранатаны лақтырғанда ол жоғарыдан төмен қарай айналатындай етіп жіберу керек. Лақтыру қимылын меңгеріп, яғни кеудені
лақтыратын жаққа беріп тұрудан, қатты ышқынып лақтыруға машықтанған соң, нысанаға дейінгі қашықтықты ұлғайту қажет.
Тік тұрған нысанаға (дуал, қалқан) жақсы тигізетін болған кезде көлденең нысанаға (окоп, ор) лақтыруға көшуге болады. Жүгіріп келіп лақтыруға тек бір ғана орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін ғана көшу керек. Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын ең алдымен жүріп лақтыру арқылы үйренген дұрыс болады. Ең əуелі екі адымдап, содан кейін үш адымдап, қолды дұрыс сілтеуді үйрену керек. Адымдап қолды сілтеуді жəне лақтыруды үйренген соң, жүгіруді, алғаш адымдап бастауды, оның ақырғы бөлігін – ақырын жүгіру арқылы қатты жүгіруді үйрену керек. Бұдан кейін жүгіріп екпін алудың барлығын баяу жүрумен орындайды (бастапқы бөлігін ақырын жүгіріп, ал қорытынды бөлігін ақырын үдете жүгіру керек).
Гранатаны лақтыратын кезде оны сілтей лақтырып, қолдың басын граната айналып (дөңгеленіп) ұшатындай етіп ұстау керек.
Кіші доп, ядро итеру, найза лақтыру əдістемесі.
Кіші допты лақтыру – мектеп оқушылары үшін аса пайдалы жатығу түрі. Ол қозғалыс үйлесімен дамытуға əсерін тигізеді, көзбен мөлшерлеу жəне дəлдеу дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан кішкене доп лақтыру бойынша өткізілген жарыстар Президенттік тест бағдарламасына енгізіліп отыр. Егер оқушы кішкене доп лақтыру дағдысын жете меңгерсе, ол, мəселен, найза немесе гранатаны дұрыс лақтыруды да тез үйренеді.
Салмағы 150 грамдық допты лақтыру кез-келген тегіс алаңда жүргізіле береді. Оны қашықтыққа жəне дəлдеп итеру үшін лақтыруға болады.
Допты алысқа лақтыру - өте күрделі жаттығу түрі. Сондықтан мұнда аса тегеурінді күш қажет. Сонымен бірге бұл күштілік пен ептілікті талап етеді. Лақтыру техникасының элементтерін ұқыптылықпен, тиянақтылықпен меңгерген жағдайда физикалық қасиеттердің осы аталған түрлері тез қалыптасады.
Лақтыру кезінде допты оң қолға ұстап, шынтақты бүгіп, сол аяқты тік қойып, оң аяқты сəл артқа жіберіп, салмақты осы аяқтың ұшына түсіріп тұру керек.
Кіші допты лақтыру. Ені 10 м. дəліз бойынша кіші доп лақтыруда негізгі назар ұзындығы 8-10 м. қашықтықтан жеке екпін алуды таңдап алуға, оның шапшаңдығын арттыруға, лақтырудың негізгі элементтерін жетілдіруге аударылады. 10 м-лік дəліз бойынша допты лақтыру біліктілігін меңгеру үшін, əр түрлі нысаналар мен бағыттар бойынша лақтыру жаттығулары қолданылады. Дəліздің ені бастапқыда 20 м-лік етіп алынып, ол бірте-бірте 3 м-ге дейін азайтылады. Жүгіру жылдамдығын (баяу жүгірістен жоғары шапшаңдыққа дейін), оның қашықтығын (3 қадамнан 20 қадамға дейін), доптың салмағын (200 г-ға дейін), нысанаға дейінгі қашықтықты (10 м-ден 20 м-ге дейін) өзгертуге болады.
Осылардың əрқайсысын қайталау саны 25-35 ретке дейін жеткізіледі.
Жарақат алып қалмау үшін доптарды бір бағытқа ғана лақтыру керек жəне мұғалімнің пəрмені бойынша ғана лақтыруға болады.
Лақтырғанда еркін жəне тез сілтеуді қалыптастыруға тырысу керек.
Доп лақтыру бойынша жарыстар ережесі. Лақтыруда да екпін алып жүгіретін жердің ұзындығы шектелмейді. Допты лақтырған спортшының нəтиже өлшенетін сызықтан аттап өтіп кетуіне болмайды. Допты лақтыру ені 10 метрлік дəлізде жүргізіледі, олекі ақ сызықпен белгіленеді. Жарыс төрешілер массасын тексеруден өткізген доппеп ғана өткізіледі. Төрешінің рұқсатынсыз доаты лақтыруға болмайды. əр қатынасушы тек үш рет қана лақтырады. Доп қолдан немесе лақтырғаннан кейін бақылау сызығынан өтіп кетсе, доп төрешінің рұқсатынсыз лақтырылса, доп дəлізден шығып кетсе, «лақтырылған жоқ» деп есептелінеді. Лақтырылу қашықтығы доптың түскен жері мен бақылау сызығының арасындағы тура қашықтық бойынша өлшенеді. Өлшеу кезінде нөлдік белгі доптың түскен жерінде болады. Нəтиже аз жағына дөңгелектене отырып, тұтас сантиметрмен анықталады.
Төрелік ету туралы теориялық мəліметтер тиісті бағдарламалық материалдарды өткенде жəне арнайы ұйымдастырылған семинарларда айтылады, сонымен қатар оқулықта айтылғандарды пайдалануға болады.
Ядро итеру. Ядроның массасы: ерлер қолданатын ядро массасы – 7 кг, əйелдер қолданатын ядроның массасы – 4 кг. Балалар үшін масса азайтылады.Ядроны шеңберде тұрып, итеріп серпіп лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері - 60 градус. Ядроны бір орында тұрып та, адымдап та лақтырады. Ядро серпілетін шеңбердің диаметрі 2 м 13,5 см. болады. Ядроны серпіген кезде шеңбердің алдыңғы бөлігінің ортасында жоғары жағынан осы шеңберді жауып тұратын ақ түске боялған кертпе ағаш орнатылады. Кертпе ағаштың биіктіге – 10 см, ал ішкі жақ шетінің ұзындығы 1 м 22 см болуы керек.
Кертпе ағаштың ішкі жақ шеті шеңбердің ішкі жақ шетімен түйісіп жатуы керек. Кертпе ағаш кішкентай қазықты жерге қағу арқылы орнатылады. Диаметрдің сыртқы жағына лақтыру бағытына перпендикуляр етіп шеңбердің екі жағынан да бояумен, əрбіреуінің ұзындығы 20-30 см. екі сызық сызылып қойылады.
Ойынға қатынасушыларға да, ойын көрушілерге де лақтырудың көлемін жақсы бағдарлауға мүмкіндік беру үшін, шеңбердің ортасынан шеңберден қашықтықты көрсететін бірқатар доға сызықтар (сектор) сызылады. Ядроны серпіген кезде доға сызықтар 6-7 м-ден басталып, 14-15 м-де аяқталып, əрбір метрден кейін сызылады. Ядроны серпу үшін 18х15 м. алаң жеткілікті. Серпудің нəтижесі тек ядро сектордың ішіне түскенде ғана саналады, сектордың жоғары жағы шеңбердің орта тұсында болады.
Найза лақтыру шеңберден емес, ені 7 см. ағаш тақтайда өткізіледі, сонымен қатар найза лақтырған кезде, оның ұшу бағыты тиісті сектордың жерімен шектеледі, ал гранат жəне доп лақтырған кезде, дəлізбен шектеледі.
Найза – тең ортасы жіппен оралған металл снаряд. Ерлер үшін массасы – 800 г, ұзындығы 280 см. Əйелдер үшін массасы – 600 г, ұзындығы – 220-230 см. Найзаны ертеде аң аулау үшін қолданғандығы белгілі.
Ұлы Гомердің «Илиада» жырында ежелгі гректердің найзаны қашықтыққа жəне нысанаға лақтырып жарысқандығы көрсетілген. Найза лақтыру бес сайыс бағдарламасы бойынша біздің заманымызға дейінгі 708 жылы олимпиадалық ойындарға кіргізілген. Найза лақтырудан қазіргі замандағы алғашқы бірінші жарыс 1886 жылы Швецияда өтті. Бұл жарыста А.Вигерт найзаны 35,81 м-ге лақтырған. 1906 жылы олимпиада өткізіліп, оның жаңарған бағдарламасына бірінші рет найза лақтыру енгізілді. 1908 жылы техниканың бұл варианты заңдастырылды. Онда найза лақтырушының жүгіріп екпін алу қашықтыына шек қою тоқтатылды. 1912 жылы бірінші дүниежүзілік рекорт анықталды. Э. Лундкивист дүние жүзінде алғаш рет найзаны 78,01 м-ге лақтырды. Əдетте, найзаны бас бармақ жəне сұқ саусақпен немесе бас бармақ жəне ортаңғы саусақпен ұстайды. Ал қалған саусақтар найзаны ұстауға көмектеседі. Бұл кезде найзаның сабы алақанда қиғаш жатады. Бас бармақ пен ортаңғы саусақ шетіне тіреледі. Ортаңғы саусақ басқаларынан ұзынырақ жəне əлдірек. Сондықтан ол лақтырудың жақсаруын қамтамасыз етеді. Найзаны ұстаған кезде дененің буындарын қатты ұстауға болмайды, олай ұстаса, найзаның айналысы азаяды. Екпін алу кезінде, найза иықтан жоғары ұсталады. Бұл кезде найзаның артқы ұшы төменге қарай бағытталады. Сол қол бұл уақытта əдеттегі жүгірістегідей жұмыс істейді, оң қол найзамен тербелмелі қозғалыс жасайды. Лақтыру белгісіне жеткеннен кейін, найзаны толық туралап жəне екпінді баяулатпай лақтыру қажет. Бағыттау соңғы екі адымнан тұрады. Ол оң аяқтың адымынан басталады. Лақтырушы иығын оңға бұрады жəне иықтың бойымен найза ұстаған қол түзеледі. Бұл уақытта найза иықтың деңгейінен төмен түсірілмейді. Қол мен кеуденің арасында бұрыш 90 градусты құрайды.
Лақтырушының көзі алға, жоғары бағытталады, найзаның ұшы көз деңгейінде болады. Жылдамдықты сақтау үшін денені тік ұстау керек. Дене қисайған кезде жылдамдық төмендейді. Найза, гранат немесе доп лақтырған кезде, жүгіріп келетін жолдың ұзындығы 25 м – ден кем болмайды, ал оның ені 1 м. 25 см. болу керек. Ең соңғы 5-6 м-де жол 4 м-ге дейін кеңейтіледі.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Кіші допты лақтыру интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=3sPBOU-Cxfc Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?