Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 98 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысты дене қыздыру элементтері.

Оқу мақсаты: 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың мақсаты: Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

 Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Жеңіл атлетика

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

(С, Ж,ҚБ) «Қарсылас добына қарай». Ойыншылар құрамы бірдей екі топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына (старт) қарай тізбекке тұрады. Бағыттаушыларға бір-бір доптан беріледі. Белгі берілгеннен кейін бірінші нөмірлілер допты барынша алысқа лақтырады да, қарсыластың добына қарай жүгіре ұмтылады. Допты алғаннан кейін қайтып жүгіріп келеді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Бұдан кейін допты екінші тұрған ойыншы алады, ал жүгіріп келген ойыншы артқа тұрады. Белгі бойынша ойынды келесі жұп жалғастырады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы талданады.

(Т, Ж, ҚБ) Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді де, 1 айналымның ұзындығы 180 м болатын қашықтыққа жүгіреді. Сөре орнына белгіленген уақыт ішінде қайта оралып, алаң бойымен бір тізбекпен жүгіреді. Әрбір кейінгі сөреде көшбасшыларды ауыстырады. Жүгірген кезде топ мүшелері бір-бірінен қалмай, тізбекті бұзбай, бір қалыпты жылдамдықпен жүгірулері тиіс. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.

Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы.

 Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Спортшылар, əдетте жоғарғы сөрені пайдаланады.Кейбір жүгірушілер 800 метрге жүгіргенде төменгі сөрені пайдаланады.Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қою керек. Дайын бол пəрменімен естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер. Спортшы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі, сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшық еттердің жұмыс істеуін жəне демалуын білу керек. Жүгірген кезде спортшының денесі алға еңкейеді 850-қа. Көп еңкейсе адымның қысқаруына əкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде бұрышы ұштылау (500-550). Мынадай сатылардан тұрады: сөреден жүгіру, мəреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек. Дем алу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өсеі.

Бұлшық еттерін босату немесе босап еркін жүгіру спортшыларда ең қиын жəне басты мақсат болып саналады. Əрбір жүгіруші өз қозғалысының əдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін жүгірушілер бірінші жолға түсуге тырысады.

 800 немесе 1500 метрге жүгірудің, негізінен алғанда, 60 не 100, 200 метрлерге жүгірулерден тек аз жылдамдықпен жүгіру арқылы ғана, демек жеке үдемелете жүгірудің аз болатындығымен ғана айырмашылығы бар.

 Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азайады. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бір қалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бір қалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге жəне тыныс алуға аударған жөн.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY Дұрыс жүгіру және тыныс алу интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey Жаңадан бастаушылар үшін жүгіру әліпбиі интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c&ebc=ANyPxKpwxVKBDzZU_DP6yNSymprgUizMn952t4KJtzdVs_b6eEVNMpjOK_zK3GLC0W2lJwreanz93UtZtev235



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу