Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 99 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №99 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалысты дене қыздыру элементтері.

Оқу мақсаттары

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Секіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

 

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу
  • итерілу, секіру

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?
  • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін жүгіру жаттығуларын орындап, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(С, Ж,ҚБ) Бір орыннан ұзындыққа секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Секірудің фазалары: итерілу, ұшу, жерге түсу. Осыдан кейін білім алушылар әдісті практика жүзінде орындайды. «Қайталамалы секіріс». Сынып, сан жағынан тең, бірнеше топқа бөлінеді. Топтағы бірінші оқушылар 5м оң аяқта, 5м сол аяқта, 5м екі аяқта секіреді.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар талдау жүргізеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;
  • Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.
  • Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;
  • Бір орыннан ұзындыққа секіру фазаларын біледі;
  • Бір орыннан ұзындыққа секіру фазаларын дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Бір орыннан ұзындыққа секірудің фазаларын қандай? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

(Т, Ж, ҚБ) Осыдан кейін жерге барлық оқушылар еркін сыйып кете алатындай үлкендікте шеңбер сызылады. Оқушылардың біреуі "мысық" болады. Ол шеңбердің ортасына тұрады. Қалғандары - "торғайлар". Олар шеңбердің сырт жағында, тура шегінде орналасады.

Мұғалімнің белгісі бойынша "торғайлар" шеңбер ішіне секіріп кіреді және секіріп шығады, ал "мысық" олардың біреуін шеңбер ішінде ұстап қалуға тырысады. Ұсталған "торғай" мен "мысық" рөльдерімен ауысады да, ойын жалғасады.

Бірде-бір рет те ұсталмаған ойыншы жеңімпаз болады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
  • Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.

Сұраңыз: Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ

/4-1-0-126

https://www.youtube.

com/watch?v=s2iFz4

CD_7s

https://www.youtube.

com/watch?v=WAX97

LbQfYI

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Бір орыннан ұзындыққа секіру әдістемесі: https://www.youtube.com/watch?v=S0792zB7f8E

Бір орыннан ұзындыққа секіру техникасы:

https://www.youtube.com/watch?v=2uNStx1uAwA

https://www.youtube.com/watch?v=0PwGwi8JQ-U

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор.

Бір орыннан ұзындыққа секіру техникасы:

https://www.youtube.com/watch?v=2uNStx1uAwA

https://www.youtube.com/watch?v=0PwGwi8JQ-U

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Секіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде барлық білім алушылар орындайды және дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсінеді деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға секіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау кезінде сыныптастарына орындалу жолдары бойынша ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу