Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 101 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Сабақтың тақырыбы: Қозғалысты дене қыздыру элементтері.
Оқу мақсаты: 6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Сабақтың мақсаты: Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
- Сабақтың ортасы.
Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады
Жеңіл атлетика
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
- Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
- Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
- Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
- Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
- Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
- Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
- Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
- Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
- Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
(Т, Ж, ҚБ) Оқушылар «Ақ аюлар» ойынын ойнайды. Бос алаңда кішігірім орын – «мұз кесегі» – белгіленеді. Оның үстінде «қуалаушы» – «ақ аю» – тұрады. Қалған «қонжықтар» алаң ішінде шашырап орналасады. «Аю»: «Аулауға шығамын!» - дейді де, қонжықтарды ұстауға жүгіре жөнеледі. Басында бір «қонжықты», одан кейін келесісін ұстап, мұз кесегіне тұрғызып қояды. Бұдан кейін ұсталып қалған екі «қонжық» қол ұстасып, қалған ойыншыларды ұстай бастайды. «Аю» «мұз кесегіне» қарай қайтады. Екі «қонжық» біреуді ұстап алғаннан кейін бос қолдарын ұсталған ойыншы құрсауда қалып қоятындай біріктіріп, «Аю, көмектес!» - деп, айғайлайды. «Аю» жүгіріп келіп, ұсталған ойыншыны «мұз кесегіне» апарады. Ұсталған келесі екі ойыншы да солай қол ұстасып, қалған «қонжықтарды» аулай бастайды. Ойын барлық «қонжықтар» ұсталғанша жалғаса береді. Соңғы ұсталған ойыншы «ақ аю» болады. Соңғы ұсталған ойыншы жеңіске жетеді.
«Қонжыққа» «аю» келіп алып кетпегенше қоршап тұрған жұптың қол астынан өтіп кетуге болмайды. «Қонжықтарды» «аулау» кезінде олардың киімдерінен ұстауға, ал «қонжықтарға» алаң шегінен шығуға болмайды.
(С, Ж, ҚБ) Сабақтың келесі бөлігінде секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар топтарға бөлініп, «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйренеді. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 50-70 см биіктікте орналасқан белгітаяқшасынан (планка) секіреді. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгітаяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлінеді. Үйренген әдіс бойынша оқушылар тапсырманы 5-7 рет қайталайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізіледі.
Биіктікке секіру техникасы.
Биіктікке екпіндей жүгіріп келіп секіру – жеңіл атлетиканың түрі аз уақыт бұлшық еттерге күш салатын жəне жылдам жазылатын əр түрлі өздеріне тəн тəсілдері бар. Ең бастылары – «аттау», «толқын», «домалау», «асырма», «фосбери-флоп». Ең тиімді тəсілдері болып «асырма» жəне «фосбери-флоп».
Биіктікке секіру мына сатылардан тұрады: екпінді жүгірістен, итеруден, планкіден өту жəне түсу.
1.Екпінді жүгіріс 7-9 жүгіру адымынан (11-14 м) тұрады. Екпінді жүгірістің бұрышы секірудің тəсілдеріне байланысты. «Аттау» жəне «домалау» тəсілдерінде 35-45о-қа тең, ал
«асрма» тəсілінде 25-35о-қа, «толқын» тəсілінде 75-90о-қа тең. Ал «фосбери-флоп» тəсілінде 70- 90о бұрышпен басталып, қисық сызықпен орындалады, спортшы екпінді жүгірістің соңында планкіге жанымен жүгіріп келеді, бұрыш 25-30о-қа кішірейеді. Екпінді жүгірісті бір орыннан бастауға болады немесе жүріп, жылдам жүгіріп келіп, табан мен белгілі бақылау сырығына дəл түсіп, екпінді жүгірісті бастайды. Секірушінің бірінші мақсаты екпінді жүгірісте, көлденең жылдамдықты алуы қажет, жайлап-жайлап өседі. Жылдамдық итеруге келгенде 6,5/7,5 м/с. Екпінді жүгірістің бірінші жартысы күнделікті жылдамдықтан айырмашылығы жоқ. Жылдамдықты көтеру адамның ұзаруына əкеледі. Екпінді жүгірудің екінші жартысында спортшы итеруге дайындалады. Соңғысы бір адым жетпейтін адым ең ұзыны, соңғы адым кішкене қысқалау. Соңғы адымды қысқарту спортшыға жылдам бүкіл денесін итеретін аяғына ауыстыруға көмектеседі. Жамбасты алға шығарып, екпінді жүгірістің жылдамдығын жоғалтпау. В.М.Дьячков Советтік секірушінің соңғы үш адымын мысалға алады. 3-ші итеру адымы 215- 220 см. тең болса, соңғыға бір адым жетпей – 220-230 см. тең болады.
Итерудегі жетістік екпінді жүгірістің жылдамдығына жəне ырғағына байланысты. Екпінді жүгірісті белгілеуге екі белгі қойылады: біріншісі екпінді жүгірістің басында, екіншісі итеруден үшінші адымда.
- Итеру – итеретін аяқ белгілі итеретін жерге тигенде басталады. Оның сəттілігі алдында сілтейтін аяқтың қозғалысына байланысты.
Планкіден сілтейтін аяқ арқылы өту ең маңызды. Екпінді жүгірісте бұл жауапты сатысы, секірушінің əрі қарай қозғалысын анықтайды жəне итерудің эффектілігін орындайды.
- Ұшуда секіруші белгілі бір уақытта тік жағайды сақтайды, кішкенеұстап итеру кезіндегі дененің айналуын негізгі нүктеде ұстайды.
Бір мезгілде сонымен бірге бұлшық еттерді бастатып,қозғалысты орындауға дайындалады, планкіден өтуге. Əрі қарай секірушінің қай тəсілді таңдап алуына байланысты болады.
- Түсу – планкіден өтуде жəне итеру кезінде алған жылдамдықты дененің айналу нүктесіндегі жылдамдықты азайту, түсудегі мақсат. Биіктікке жəне сырықпен секіруде бұл сатылар əсер ете алмайды, ұзындықтағыдай. Биіктіктен сырықпен секіруде басты мақсат секірушіні сақтандыру. Түсудің əдісі секірудің тəсілдеріне қарап анықталады, сілтейтін аяққа немесе итеретін аяққа, аяққа жəне қолға əрі қарай иыққа домалау арқылы орындалады.
«Аударылып түсу» əдісімен биіктікке секірудің жалпыға бірдей техникасы, негізінен алғанда, мынадай болады: екпін беоу үшін жүгірудің бағыты, оның ұзындығы, ырғағы мен шапшаңдығы.
- Екпін алатын белгілі бір ұзындықты білу (5-7 қадам) жəне жүгіру бұрышын білу керек
- Серпілетін кезде жүгіру жылдамдығын арттырып, қадамды жиелетіп орындау қажет.
- Жамбасты алға қарай жіберіп, кеудені алғ, жоғары қарай қозғап, серпілетін аяқты артта ұстаған жөн.
- Барлық жылдамдықпен келіп, аяқты серпілетін нүктеге қоюкерек.
- Дененің салмағын серпілетін аяққа қарай ауыстырып, бір мезгілде екінші аяқты жамбастан алға қарай жіберу.
- Серпілетін аяқ пен денені біршама тік қалпында, иілген қолды алға қарай сермеумен секіру- серпілуді аяқтау.
- Кедергіден аттап өтер кезде отыру жағдаында болып, аяқтарын алға қарай адымдау
- Жерге серпілген аяқпен түсу.
Серпілу кезінде аяқты тірейтін жер кергіден 3-4 табан қашықтықта болады. Кергіге жақын тұрған аяқты жерге тірейді жəне ол «жиырылу» əдісімен секіргендегі сияқты орындалады. Жоғары көтерілген кезде тізеден бүгілген, жоғары сілтеніп көтерілген аяқ секірушінің денесінің алдына, жоғары көтеріледі. Ал аяқтың табаны кергеден жоғары көтерілуі қажет. Жерге тіреген аяқ жоғары көтерілгенде ең алғашқыда төмен қарай еркін, түсіңкі тұрады.
Секіруші жоғары көтеріліп, кергінің үстінде көлденең қалыпқа келгенше, денесін жерге тіреген аяғына қарай қисайтады, бір мезгілде жерге аяғын кеудесіне қарай тартып алып, астыңғы жақтағы қолын кергіден асырма төмен қарай тартып алып, астыңғы жақтағы қолын кергіден асыра төмен қарай түсіреді. Дене көлденең қалыпқа келген кезде жоғары сілтеп көтерілген аяқ кергіден асқандағы бағытта тез жазылады. Ал жерге тіреген аяқ сілтеп итерілген аяққа жақын ұсталып, кедгіден тізеден бүгіліп асып түсіп, төмен қарай түсіріледі.
Жүгіріп келіп биіктікке секіруді əр түрлі əдістерін үйрену мынадай жүйемен өтуі керек. Үйренуші «жиырылу» əдісімен секіруден бастау керек. Онша қашық емес жерден еркін жүгіріп келіп, шағын биіктіктен (60-70см) осы секіруді орындау керек. Əдетте көбі қалыптан тыс ұзақ жерден жүгіріп келіп секіруге тырысады, ал мұның керегі жоқ. Алғашқы үш-төрт секіруден кейін-ақ жерге тіреп қоятын аяқты белгілеп алған жөн. Сосын екпін алу ұзындығын анықтап алу керек. Бұл əдетте 7-9 адым шамасы болады.
Жерге тірейтін аяқты анықтап, жүгіріп екпін берудің ұзындығын белгілеп, оның дұрыс ырғағын қалыптастырып, аяқты жерге тіреуді дұрыс орындай білуге үйренгеннен кейін, жүгіріп келіп биіктіке секірудің басқа да əдістерімен таныса беруге болады.
«Аударылып түсу» əдісін үйрену, атап айтқанда «аяқты жиып секіру» əдісінің одан əрі жетілген түрі болып табылады. «Аяқты жиып секіру» əдісін меңгергеннен кейін, тура, тіке жүгіруден қиғаш жүгіруге (30о-40о бұрыштан) көшу қажет. Осылай жүгіру арқылы «аяқты жиып секіруді» орындау керек. Бұл жаттығу кергіге жақын тұрған аяқты жерге тіреп секіруді меңгеру үшін қажет.
Осы əдісті үйренген сайын кергіден асып түсіп бара жатқанда, денені көлденең қалыпта, жерге тіреген аяққа қарай ұстауға үйрену керек. Оны үйренген соң кергіден асып түсудің мейлінше жетілдірген түрін үйренуге көшу тиімді.
- аудару қажет.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Аттап басу әдісімен секіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=kdms4eGh8-4 Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?