Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 80 сабақ.
7-бөлім Ойын арқылы дағдыларды жақсарту
Оқу мақсаты:
6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Футбол сабағы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.
Тілдік мақсаттар
Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• пас, допты беруТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?• Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.
(С, ҚБ) Тапсырма
А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі адамға аяқтың іш жағымен беріп, жылдам қарсы тізбектің соңына барып тұрады. Беруді допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті. Бір тізбектен екінші тізбекке орын алмастыру өте шапшаңдықпен өтуге тиісті.
(С, ҚБ) Тапсырма
В) Тізбектегі ойыншылар кезекпе кезек допты жүргізу, фишкаларды айналып өту, басқа ойыншыға допты беру жаттығуларын орындап тізбетің соңына барып тұрады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Футбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?(С, Ж, ҚБ) допты беру түрлері:
Табанның ішкі жағымен;
табанның сыртқы жағымен;
аяқтың ұшымен.
Cыныпты екіге бөліп спорт залдың екі жағына қарама қарсы тұрғызып допты бір-біріне табанның ішкі және сыртқы жағымен, аяқтың ұшымен беру арқылы пастарды орындайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Футбол доптары, фишкалар, конустар.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Футбол элементтері бар қозғалмалы ойындар ғаламтор ресурстарына сілтеме: https://www.maam.ru/detskijsad/kartoteka-podvizhnyh-igr-i-uprazhnenii-s-yelementami-sportivnoi-igry-futbol.html http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html Допты беру әдістері интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2sНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?