«Әділ ойын» және ынтымақтастық. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 75 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы: «Әділ ойын» және ынтымақтастық.

Оқу мақсаты: 6.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу.

Сабақтың мақсаты: Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтауға және қолдана білуге үйрету.

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

Белсенді дене қыздыру жаттығуларын жасау керек.

Допты дұрыс үрленгенін қарау, қатты үрленген доппен ойнамау.

Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

Жыртылған доппен ойнамау

Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

Допты ойынға қосу кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар волейболдағы допты тура төменнен ойынға қосу техникасымен таныстырылады.

1. Допты ойынға қосу кезінде ойыншы торға бетін бағыттап тұрады, денесі сәл алға еңкейген, аяқтары тізеде бүгілген,оң(сол) аяқ алда, допты сәл бүгілген оң(сол) қолмен бел тұсында ұстайды.

2. Допты ойынға қосарда сызықты баспайды.

3. Сермеу кезінде түзу оң(сол) қолды артқа апарады.

4. Допты 20-30 см жоғары лақтырады.

5. Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен(шамамен белдің тұсынан) төменнен-алға-жоғары орындайды.

6. Соққы орындалған кезде оң(сол) аяқ бір мезгілде бүгіп, дене салмағын сол(оң) аяққа түсіреді.

7. Доптың ұшу күші жоғалмау үшін соққыдан кейін қолын алға қарай бағыттайды.

Осыдан кейін допты тура төменнен ойынға қосу әдісін үйрену үшін білім алушыларды екі топқа бөліп, волейбол алаңының бет сызығының сыртына тұрғызып, тор арқылы келесі тапсырмалар беріледі:

  • допсыз қимылын (имитация) орындайды;
  • доппен орындайды.

Топтар жақтау сызық артындағы сапта орналасады. Екі топ ойыншылары кезекпен алты рет допты беру әдісін орындайды. Цифрлы шаршыға түсу және көп ұпай жинауға тырысады. Допты лақтыруда қате орындаған жағдайда қайта орындауға рұқсат берілмейді және ұпайлар есептелмейді. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:

  • Волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдықәрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;
  • Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назардаұстау;
  • 10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен анатомиялық -физиологиялыққұрылымын зерделі тексеру;
  • Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатынарнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;
  • Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-ала белгілеу;
  • Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;
  • Алдағы болатынспорт жарыстарыныңмақсатыменміндетінойыншылар мен бірлесе отырып талқылау;
  • Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетінжүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;
  • Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағыорганикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;

10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спорттта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.

Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары. Алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Волейбол элементтері бар ойынға сілтеме::http://pedlib.ru/Books/6/0301/6_0301-126.shtml Допты тура төменнен ойынға қосу әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=RiG4HsT8WCQ https://www.youtube.com/watch?v=Ix-udQuObVk&t=1s 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу