«Әділ ойын» және ынтымақтастық. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 75 сабақ.
6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар
Оқу мақсаты:
6.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
«Әділ ойын» және ынтымақтастық.
Сабақтың мақсаттары:
Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтауға және қолдана білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Волейбол ойынындағы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтай және қолдана біледі.
Тілдік мақсаттар
Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.Мыналарды қамтиды:• Шабуыл, қорғаныс • Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас• Кеңістікте бағдар алу.• Командалық жұмыс• Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет • Көшбасшылық дағды• Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру • Ынтымақтастық сыни ойлауТалқылауға арналған сұрақтар:• Белсенді әрекет дегеніміз не ?• Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?• Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?• Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?• Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты тура төменнен ойынға қосу техникасымен таныстырылады.
1. Допты ойынға қосу кезінде ойыншы торға бетін бағыттап тұрады, денесі сәл алға еңкейген, аяқтары тізеде бүгілген,оң(сол) аяқ алда, допты сәл бүгілген оң(сол) қолмен бел тұсында ұстайды.
2. Допты ойынға қосарда сызықты баспайды.
3. Сермеу кезінде түзу оң(сол) қолды артқа апарады.
4. Допты 20-30 см жоғары лақтырады.
5. Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен(шамамен белдің тұсынан) төменнен-алға-жоғары орындайды.
6. Соққы орындалған кезде оң(сол) аяқ бір мезгілде бүгіп, дене салмағын сол(оң) аяққа түсіреді.
7. Доптың ұшу күші жоғалмау үшін соққыдан кейін қолын алға қарай бағыттайды.
Осыдан кейін допты тура төменнен ойынға қосу әдісін үйрену үшін білім алушыларды екі топқа бөліп, волейбол алаңының бет сызығының сыртына тұрғызып, тор арқылы келесі тапсырмалар беріледі:
1) допсыз қимылын (имитация) орындайды;
2) доппен орындайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады;- Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен(шамамен белдің тұсынан) төменнен-алға-жоғары орындайды.- Денесі сәл алға еңкейген, аяқтары тізеде бүгілген,оң(сол) аяқ алда, допты сәл бүгілген оң(сол) қолмен бел тұсында ұстайды.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
1. Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.
Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.
2. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.
3. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.
4. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.
5. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.
6. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.
7. Жыртылған доппен ойнамау
8. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.
9. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау.
10. Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.
11. Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.
12. Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.
13. Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.
14. Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.
15. Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.
16. Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.
17. Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.
18. Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.
(Т, Ж, ҚБ) «Тор арқылы екі доппен». Сыныпты тең бірнеше командаларға бөлінеді. Ойынды алғашқы екі команда бастайды. Әр команда волейбол добын алады.
Мұғалімнің ысқырығы бойынша допты тор арқылы қарсыластың жағына лақтырады. Допты лақтыру бір жақта бір уақытта екі доп болғанға дейін жалғасады. Ысқырық беріледі, ойын тоқтайды және өз жағына екі доп түскен команда басқа командаға бір ұпай жеңіледі. Доптар командаларға қайтарылады және оларды қайта лақтыру басталады (белгі бойынша). Алғаш болып 10 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Осыдан кейін өз кезегі келген келесі ко мандалар ойнайды.Ойын кезіндегі негізгі ережелер: Екі доп та бір уақытта қарсылас жағында болмауы тиіс. Егер беру кезінде доптар ауада соқтығысса, ойыншылар доп берілісін қайталайды. Егер ойыншы допты тор арқылы ысқырыққа дейін берсе, оның командасы бір ұпай жеңіледі. Әрбір ережені бұзғаны үшін командаға айып ұпайлары есептеледі.Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары. Алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Допты тура төменнен ойынға қосу әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=RiG4HsT8WCQ https://www.youtube.com/watch?v=Ix-udQuObVk&t=1sҚозғалыс ойындарының ресурсына сілтеме: http://www.fizkult-ura.ruНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды