Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 74 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы: Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Оқу мақсаты: 6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну.

Сабақтың мақсаты: Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

Белсенді дене қыздыру жаттығуларын жасау керек.

Допты дұрыс үрленгенін қарау, қатты үрленген доппен ойнамау.

Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

Жыртылған доппен ойнамау

Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

Допты ойынға қосу кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:

Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:

1 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты екі қолмен жоғарыдан бір рет өздерінің үстіне лақтырып, жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен әріптесінің оң және сол жағына 1,5-2м қашықтыққа қайтарады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден бір рет өзінің үстіне көтереді де, допты төменнен екі қолмен қайтарып, бастапқы орнына оралады. Қайтарылған допты 1-ші ойыншылар қағып алып, тапсырманы басынан бастап орындайды. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады. Допты төменнен қабылдап, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгулі, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қайтарған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі және допты жоғарыдан қайтарған кезде аяқ жартылай бүгулі, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі ескертіледі.

2 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты екі қолмен жоғарыдан бір рет өздерінің үстіне лақтырып, жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен әріптесінің оң және сол жағына 1,5-2м қашықтыққа қайтарады қайтарады, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден бір рет өзінің үстіне көтереді де, допты жоғарыдан екі қолмен қайтарып, бастапқы орнына оралады. Қайтарылған допты 1-ші ойыншылар қағып алып, тапсырманы басынан бастап орындайды. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады. Допты төменнен қабылдап, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгулі, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қайтарған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі және допты жоғарыдан қайтарған кезде аяқ жартылай бүгулі, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі ескертіледі.

«Доп- серіктесте». Сыныпты екі топқа бөліңіз. Шеңберге 6-10 ойыншыдан тұрғызылады, ал екінші топ шеңбер ортасына тұрғызыңыз. Белгі бойынша ойыншылар допты бір біріне лақтыра бастайды. Ал ортадағы ойыншылар допқа қолдарын тигізуге тырысады. Допты қағып алса немесе қолын тигізсе мұғалім өзіне белгілеп ойынды ары қарай жалғастырады. Допты көп уақыт өзінде иеленген команда жеңіске жетеді.

Волейбол елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат

алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.

Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою.

Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетгі жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар.

Орын ауысытыру дегеніміз – техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақган сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM Волейбол элементтері бар эстафеталық ойындарға сілтеме:https://infourok.ru/podvodyaschie-igri-i-estafeti-k-voleybolu-927696.html 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу