Ойындар арқылы мәселені шешу. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 42 сабақ.


Дене шынықтыру сабағына арналған сабақ жоспары. № 42

6 бөлім. Шытырман ойындар.

Мектеп: Семей қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаксыбаев Нуржан Мырзабекович

Класс: 6 « »

Қатысушылардың саны:

Қатысушылардың саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары.

6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақ мақсаты

Ойын камбинациясын, оқу тапсырмасында орындауда, сыныптастарына өзінің шеберлігін көрсету, меңгеруге көмектесу.

Сабақтың тақарыбы

Ойындар арқылы мәселені шешу

Бағалау критерилері

  • Оқу тапсырмасын орындау барысында қауіпсіздік ережені сақтайды.
  • Жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды;
  • Жаттығулардың түрлерін, маңыздылығын біледі, түсінеді.

4. Жаттығулардың немесе комбинацияның байланысын біледі, түсінеді және оның қажеттіледі түсіндіре алады.

Дискрипторлар

  • Допты қабылдау, лақтыру барысында қауіпсіздік ережені сақтайды.
  • Комбинацияны орындау кезінде, допты қабылдау, лақтыру техникасын дұрыс орындайды.
  • Топтық жұмыс кезінде, допты қабылдау және әріптеске жеткізуді дұрыс, қатесіз орындайды.

 Тілдік мақсаттары:

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

1.Шабуыл, қорғаныс

2.Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас

3. Кеңістікте бағдар алу.

4.Командалық жұмыс

5.Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет

6.Көшбасшылық дағды

7.Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру

8.Ынтымақтастық сыни ойлау

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

Белсенді әрекет дегеніміз не?

Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

кезекезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 - 5 минут

 Ұйымдастырушылық кезең. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларға бір іс – әрекетті орындау алдында міндетті түрде дене мүшелерін қыздыру керек екенің ескертеміз.

Үлкен кеністік, ысқырауық.

Басы

6 - 11

Ортасы

12 - 20

20 - 33

Бірқалыпты жүгіру жаттығулары, оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын кезек – кезек орындайды.

Жұптық жұмыс

1. Оқушылар допты бір – біріне кеуде тұсынан пас беру.

2. Оқушылар допты бір – біріне еденге тигізу арқылы беру.

Оқушылар орындаған тапсырмалырды бейне камераға түсіріп, талқылап, техникалық тұрғыда кеткен қателіктердің шешу жолдарын қарастырады.

Мұғалім ойыншылардың орналасу жерлерін көрсетеді. Оқушылар бір – біріне қарама – қарсы тұрып, екі қатар құрады. Әр қатарда үш оқушы орналасуы қажет. Осы жаттығуда сол жақ шабуылшыға доп лақтыруға ұсынылады. № 2 ойыншы сол жақ шабуылшыға пас беру, допты жүргізу арқылы бастайды. № 3 ойыншы финт жасап, қозғалыстың бағытың өзгертеді, допты бір қолдан екінші қолдан берген допты қабылдайды. Қорғаныстың орналасуына байланысты немесе қорғаушылар мүмкіндік берген жағдайда, допты еденге екі рет соғу арқылы, допты лақтырады.

Сыныпты үш топқа бөлу керек. Баскетболға арналған екі жақты оқыту ойыны. Оқушылар комбинациялық ойынды басты ңазарда ұстауы керек. Сайыс түрінде ұйымдастыру. Ойын барысында үшінші команда ойынды бағалайды. Ойын 5 минут немесе 4 ұпайға дейін жалғасады. Әр ойынның аяқталысымен командалар ауысып, ойынды жалғастырады.

Үлкен кеністік, ысқырауық.

Баскетбол доптары, фишкалар.

Баскетбол доптары, фишкалар.

Сабақтың соңы

34-40

Оқушылармен жиі кездескен қателіктерге байланысты кішігірім талқылау жұмыстарын өткізу. Олардың шешу жолдарын қарастыру, жұппен, топпен бағалау жұмыстарын өткізу. Оқушыларға сабақтың тапсырмасының бағалау критерилерін түсіндіру. Келесі сабақтың критерилерін түсіндіру.

Келесі сабаққа арналған интернет ресурстар.

Қосымша ақпарат

Дифференциация - көбірек қолдау көрсету үшін не істеуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларды анықтауды қалай жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ – мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

  • Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау.
  • Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету, жетістіктер мен кемшіліктеріне назар аудару.
  • Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.
  • Сабақ барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.
  • Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру.
  • Жекеле және топпен тапсырмаларды орындау және топ ішінде талқылау қарастырылады.
  • Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.
  • Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді.
  • Дене қуатын үнемдеу шарттары.
  • Дұрыс тыныс алу.
  • Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабаққа рефлесия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары шындыққа негізделген бе?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Мен жоспарлаған дифференциация бойынша жұмыс дұрыс іске асырылды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақтың мақсаты айқындалған, оқу мақсаттары шынайы. Барлық оқушылар оқу мақсатына нақты жетті деп айту қиын. Кейбір оқушылар оқу мақсатының жартысына жетті деп айтуға болады. Өйткені орындайтын жаттығуларға ыңғайылығының келмей жатқанына байланысты болды. Сабақтағы саралау іс әрекеті дұрыс орындалды. Бір жаттығуды немесе стратегияны көп орындаулары сабақ жоспарына кері әсерін тигізеді. Үйткені кейбір оқушылар жаттығуларды немесе іс әрекеттерді ұзақ орындаудың әрекетінен болды. Уақыттың жетіспеушілігі қиындық тудырады.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқу мен оқытуды салыстырыңыз)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын? (оқу мен оқытуды салыстырыңыз) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу