Ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 64 сабақ.


6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақтың тақырыбы:

Ынтымақтастық дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаттары:

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері :

Волейбол сабақтары кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.

Тілдік мақсаттар

Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.

Мыналарды қамтиды:

Шабуыл, қорғаныс

Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас

Кеңістікте бағдар алу.

Командалық жұмыс

• Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет

Көшбасшылық дағды

Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру

Ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Белсенді әрекет дегеніміз не ?

Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

• Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.

1-ші тапсырма.

(С, ҚБ) Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Волейбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Волейбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

1. Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

2. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

3. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.

4. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.

5. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.

6. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

7. Жыртылған доппен ойнамау

8. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

9. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау.

10. Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.

11. Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.

12. Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

13. Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.

14. Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.

15. Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

16. Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.

17. Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.

18. Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

2-ші тапсырма

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған келесі дене қыздыру жаттығуларын воллейбол добының көмегімен орындайды:

I жаттығу.

Б. қ. - н. т.

1 - доп кеуденің алдында;

2 - допты алдыға созу;

3 - аяқтың ұшына тұрып, допты жоғары көтеру;

4 - Б. қ.

II жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын ашу,

допты басқа қою.

1 - денені солға бұру;

2 - Б. қ.;

3-4 - денені оңға бұру.

III жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу,

1 - сол аяққа отырып, допты алдыға қарай созу;

2 - Б. қ.;

3 - оң аяққа отырып, допты алдыға созу;

4 - Б. қ.

IV жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу, допты жоғару көтеру

1 - бүгіліп барып еңкею, қолды жан-жаққа созу

2 - Б. қ.;

3-4 - допты бастың айналасынан беру

V жаттығу

Б. қ. - екі аяқты алшақ қойып,

1 - допты еденге ұру;

2 - допты ұстап алу;

3 - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап жіберу;

4 - Б. қ.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Волейбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Волейбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол доптары, рефлексия парақшалары.

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

ЖДДЖ кешендері берілген сайтқа сілтеме:

https://koncpekt.ru/nachalnye-klassy/raznoe/691-kompleksy-fizicheskih-uprazhneniy-s-1-9-klass.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу