Ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 64 сабақ.
6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар
Оқу мақсаты:
6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың тақырыбы:
Ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Волейбол сабақтары кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.
Тілдік мақсаттар
Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.Мыналарды қамтиды:• Шабуыл, қорғаныс • Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас• Кеңістікте бағдар алу.• Командалық жұмыс• Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет • Көшбасшылық дағды• Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру • Ынтымақтастық сыни ойлауТалқылауға арналған сұрақтар:• Белсенді әрекет дегеніміз не ?• Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?• Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?• Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?• Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.
1-ші тапсырма.
(С, ҚБ) Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осы тапсырманың дескрипторлары:Волейбол сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Волейбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
1. Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.
Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.
2. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.
3. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.
4. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.
5. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.
6. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.
7. Жыртылған доппен ойнамау
8. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.
9. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау.
10. Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.
11. Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.
12. Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.
13. Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.
14. Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.
15. Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.
16. Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.
17. Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.
18. Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.
2-ші тапсырма
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған дене қыздыру жаттығуларын орындайды.Осыдан кейін білім алушыларды топтарға бөлемін және өткізілетін ойынның ережелері мен қауіпсіздік ережелерін айтып таныстырамын. Әр топтың ойыншылары арқанның екі жағынан кезекпен шығып, бір мезетте қарама- қарсы тұрып екі арқанды бір-біріне тартып ұстап тұрады. Арқан (3м) арқылы волейбол добын дөңгелетеді. Допты арқан арқылы екі рет дөңгелету қажет. Допты домалатқан кезде қолмен ұстауға болмайды. Егер допты ойыншы түсіріп алса, қарсылас командаға бір ұпай беріледі де, екінші рет домалатуды бастайды. Ал егер ойыншылар қате жібермей, әр дұрыс домалатып, допты түсірмегені үшін бір ұпайдан алады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; - Жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, арқан, рефлексия парақшалары.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami ЖДДЖ кешендері берілген сайтқа сілтеме:https://koncpekt.ru/nachalnye-klassy/raznoe/691-kompleksy-fizicheskih-uprazhneniy-s-1-9-klass.htmlНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?