Ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 66 сабақ.
6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар
Оқу мақсаты:
6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
Ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Волейбол ойынында көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.Мыналарды қамтиды:• Шабуыл, қорғаныс • Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас• Кеңістікте бағдар алу.• Командалық жұмыс• Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет • Көшбасшылық дағды• Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру • Ынтымақтастық сыни ойлауТалқылауға арналған сұрақтар:• Белсенді әрекет дегеніміз не ?• Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?• Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?• Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?• Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін допты екі қолмен жоғарыдан беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:
1 тапсырма. 1-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап, бірден қайтаруға тырысады.Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі.
2 тапсырма.
1-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен өзінің үстіне жоғарыдан допты қайтару әдісімен лақтырады да, түсіп келе жатқан допты әріптесіне жоғарыдан қайтару әдісімен жібереді, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қағып алады да, 1-ші ойыншылар орындағандай қайтарады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;- допты жоғардан қабылдау кезінде ойыншының дұрыс тұру қалыбын орындайды (аяқ иық денгейінде, бір аяғы сәл алда);- бас бармағы мен сұқ саусағы теңбүйірлі үш бұрыш құрайтындай қолдарын сыртқа бағыттайды.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
1. Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.
Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.
2. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.
3. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.
4. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.
5. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.
6. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.
7. Жыртылған доппен ойнамау
8. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.
9. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау.
10. Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.
11. Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.
12. Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.
13. Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.
14. Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.
15. Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.
16. Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.
17. Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.
18. Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.
2-ші тапсырма
(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек.Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады.Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU https://www.youtube.com/watch?v=PQh3gVGPXnQҚозғалмалы ойынға сілтеме:http://www.gomelscouts.com/athletic-games.htmlНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?