Ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 66 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №66 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Ынтымақтастық дағдыларын дамыту. | |
Оқу мақсаттары | 6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Волейбол ойынында көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана алады. | |
Тілдік мақсаттар
| Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-24мин
25-34мин
| (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін допты екі қолмен жоғарыдан беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды: 1 тапсырма. 1-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап, бірден қайтаруға тырысады.Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі. 2 тапсырма. 1-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен өзінің үстіне жоғарыдан допты қайтару әдісімен лақтырады да, түсіп келе жатқан допты әріптесіне жоғарыдан қайтару әдісімен жібереді, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қағып алады да, 1-ші ойыншылар орындағандай қайтарады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? (Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек. Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды. Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? | Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары. Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме: Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU https://www.youtube.com/watch?v=PQh3gVGPXnQ Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары, фишкалар, бор. Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме: Кең ауқымды ойын алаңы, доп, бор, арқан, секундомер, ысқырық. Қозғалмалы ойынға сілтеме: http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында барлық білім алушылар жұмыс істей алады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс жасау кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?