Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 61 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №61 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар | |
Оқу мақсаттары | 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету | |
Сабақ мақсаттары | Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындауға және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынуға және көрсетуге үйрету. | |
Бағалау критерийлері | Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді. | |
Тілдік мақсаттар
| Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
Кілттік дағдыларды дамыту | Пәндік-коммуникативтік жағдаяттар арқылы коммуникативтік дағдыны дамыту. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-5мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 6-24мин
25-34мин
| (С, ҚБ) Оқушыларға шаңғыны тарату. Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару. Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды: 1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз. 2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз. 3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз 4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз. 5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ. 6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз. 7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз. 8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ. (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар 1000-1500 метр қашықтықты шаңғы жолымен жүріп өтеді. Білім алушылар дөңде және түзу жолда шаңғымен әр түрлі жүру әдістерін көрсетеді. Қашықтықты өту қарқынын білім алушылар өз физикалық дайындығына қарайды. Білім алушылар үшін оңтайлы жылдамдықты дұрыс таңдау маңызды. Мәрелік үдеу және оның ұзақтығы жекелей оқушының қабілетіне байанысты. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай? (С, Ж, ҚБ) Білім алушыларға дөңге шығу әдістері түсіндіріліп көрсетіледі. Осыдан кейін «Шырша» жасау әдісімен көтерілуді орындайды. - Суретте көріп тұрғандай «шырша» әдісімен биікке көтерілген кезде шаңғының екі басы екі жанға қарай қиғаш қойылады.«Шырша» жасау әдісімен көтерілуекі шаңғымен кезек аттап басу арқылы орындалады.«Баспалдақ» әдісімен көтерілу: -«Баспалдақ» әдісімен көтерілу тік беткейге шыққанда қолданылады.- Шаңғымен төбе басына көлденең қалыпта қойып кезекпен басу арқылы орындалады. Тапсырмаларды орындау кезінде келесі ережелерді еске сақтау қажет екендігін білім алушылардың есіне саламын:- Шаңғының екі басын алшақтатып ұстау;- Өрге шыққанда өте не алға еңкеймеу, немесе тым артқа қарай шалқаймау;- Таяққа сүйену;- Көтерілгенде шаңғымен көлденең көтерілу, аяқтарын дұрыс алу. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай? | Үлкен бос кеңістік. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері: http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588 Үлкен бос кеңістік. Шаңғы жабдықтары. Шаңғы дайындығы интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8 Үлкен бос кеңістік. Шаңғы жабдықтары. Шаңғымен дөңге көтерілу техникасының интернет ресурстарына сілтеме: «Шырша» әдісімен көтерілу: https://www.youtube.com/watch?v=jBhMTvaogpA «Баспалдақ» әдісімен көтерілу: | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті барлық білім алушылар таңдай біледі деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушылар арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдауда сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?