Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 56 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №56 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары. | |
Оқу мақсаттары | 6.3.1.1. Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу | |
Сабақ мақсаттары | Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білуге үйрету. | |
Бағалау критерийлері | Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай біледі. | |
Тілдік мақсаттар
| Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
Кілттік дағдыларды дамыту | Пәндік-коммуникативтік жағдаяттар арқылы коммуникативтік дағдыны дамыту. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-5мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 6-20 мин
21-34 мин
| (С, ҚБ) Білім алушылар тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДДЖ орындайды: 1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз. 2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз. 3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз 4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз. 5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ. 6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз. 7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз. 8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 – сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ. (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар алдағы іс-әрекетке арналған дене қыздыру жаттығуларын, жүгіру техникаларына және жүгіру кезінде дұрыс тыныс алуды орындайды. Жылдамдық пен күшті, төзімділікті дамытуға тапсырма: 20 секундта максималды жылдамдықпен қашықтықты өтіп, қайтып бастапқы орынға барады. 4-5 рет қайталаймыз. Тапсырманы аяқтап болған соң білім алушылар тапсырманы орындау кезіндегі өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтайды. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады? (Т, ҚБ) Білім алушылар кіші топтарға бөлінеді. Топтың қатысушылары келесі ұжымдық секірулерді орындауда жарысады: 1) қолды алда тұрғанның иығына немесе беліне қойып, екі немесе бір аяқта секіру; 2) оң(сол) қол иықта, сол(оң) қол алда тұрған әріптесінің аяғын ұстап, екі немесе бір аяқта секіру; 3) сол қол алда тұрған әріптесінің иығында, ал оң аяғы алға көтерулі және алда тұрған әріптесі ұстайды. Екі немесе бір аяқта секіру. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады? | Үлкен бос кеңістік. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: Үлкен бос кеңістік. Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар. Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме: http://www.tula-tf.ru/articles/elementy_razminki_ili_kak_podgotovit_sebya_k_trenirovke.html Үлкен бос кеңістік. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме: | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді барлық білім алушылар анықтай біледі деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтау кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?