Қауіпсіздік ережесі. Арнайы  қозғалыс дағдыларын  дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал.


Теориялық материал

Шаңғы тебудің техникасы мен тактикасы және қауіпсіздік ережесі

Мақсаттары:

Білімділік: Қатысушылардың шаңғы туризм барысында кездесетін қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, теориялық алған білімдерін практикалық түрде орындап үйрету.

Дамытушылық: Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері. Жеке және топтық қауіпсіздік туралы туристік дағдыларын қалыптастыру, шаңғы туризміне спорттық – туристік дайындықтарын нығайту,спорттық икемділіктерін дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім

қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Шаңғы туризмі барысындағы қозғалыс кезінде шаңғышылардың

өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін міндетті түрде орындалуға

қажетті жеке және топтық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып

жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

Шаңғы тебу кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелері

Қандай да болмасын жорық кезінде ең бірінші сақтық ережелерін орындау керек. Әсіресе тау беткейлері немесе жоталардың арасымен өтер кезде айқалап өлең айтуға немесе музыка тыңдауға болмайды. Егер де қар көшкіні бола қалған жағдайда, қар көшкіні болған жаққа артымызды беріп, салқынқандылықты сақтап, әлсіз мінездікті танытпай, аяқ – қолымызды бауырымызға жинап, басымызды төмен иіп, отыруымыз қажет. Мұндай қауіпті аймақта,шаңғы таяғын ілмешегінен алып, шаңғыны аяғыңызға бос тағып, жүруіміз қажет.Қар көшкінінің астында қалған адамды іздеу кезінде бір қатарға тұрып, арнайы іздеу құралдарымен іздейміз. Ондай құралдар болмаған жағдайда, шаңғы таяғымен, ұстайтын басын қарға сүңгіту арқылы іздейміз. Іздеу кезінде зардап шегуші зақым келтіріп алмай мұқият әрі тез іздеуіміз қажет. Қар астында қалған адам, барлық күшімен аяғымен, қолынан қарды итерім, тыныс алардай ашық жер жасау керіп.Зардап шегушіні қар астынан шығарып алғаннан соң, оған жылы киімдер жауып, басын көтеріңкілеп, жатқызуымыз қажет немесе керек.

Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:

1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.

2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.

3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.

4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.

5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.

6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.

7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.

8. Құрал – жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.

9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.

10. Таңертең ерте шығу.

13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.

14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.

Қозғалыс кезіндегі топтық қауіпсіздік ережелері:

1. Топпен жүру.

2. Тәртіп. Кетсе тек қана сұранып кетуі керек.

3. Беделді, білгір жетекші.

4. Аса жылдам жүруге болмайды.

5. Режим. Ағза терморегуляциясы.

6. Бір біріне көмек беру.

7. Батып кету немесе суық тию қаупі бар суда шомылмау.

8. Жолды қысқартам деп қауіпсіздікті бұзбау.

9. Тұман, қараңғы уақытта, нашар ауа райы кезінде жүрмеу. Жолдың үлкен жартысын таңертең өту.

10. Бос жатқан тастары бар беткеулер мен сайларда байқап жүру.

11. Ең қауіпсіз жолды таңдау.

12. Заттарды ұмытып қалмау, жоғалтпау.

13. Қар көшкіні қауіпі бар жерлерге бармау.

14. Спирт ішімдіктерін ішпеу.

15. Үсіп қалмауды бақылау.

16. Қатты жауын, бұршақ болса сая жерде тығылып, оның аяқталуын күту.

17. Көз бен ашық жерлерді күн радиациясынан қорғау.

Қауіпсіздік ережелері

  • Шаңғы туризм дегенімізді қалай түсінесіз?
  • Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері басқа туризм түрлерінен артықшылығы неде?
  • Жеке сақтандыру дегеніміз не?
  • Топтық сақтандыру дегеніміз не?
  • Үсіктен сақтану жолдары қандай?
  • Шаңғы жорығы кезінде соныңда кім жүреді?
  • Шаңғы жорығында төмен сырғанап түсу кезіндегі қауіпсіздік ережесіне сай қандай ара қашықтықты ұстану керек?
  • Топты сақтандырушылар қандай ережені міндетті түрде орындау керек?
  • Жолға шыққанда қауіпсіздік ережелері қандай?
  • Қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне не кіреді?
  • Шаңғы жорығында қарапайым туристің орташа жылдамдығы қанша?

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!

ІІІ. Ағымдағы нұсқауОқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.

  • Оқушыларды топтарға бөлу
  • Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу
  • Тапсырмалар бөлу
  • Өз беттерімен жұмыстану
  • Әрбір оқушыны жекелей қадағалау

Жұмыс орнын қарап өткенде:

  • Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
  • Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
  • Технологиялық процестің орындалуын бақылау
  • Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
  • Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау
  • Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту
  • Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту
  • Оқушылардың бағаларын хабарлау
  • Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу